Page 190 - index
P. 190

1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
   2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
   3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Қазақстандағы еңбекақы қатынастары және оның қарқыны;
   Капитал және оның түрлері;
   Қазақстанда жер ресурстары нарығының даму ерекшеліктері.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Жалақы мөлшерлемелерінің ерекшеленуі.
   2) Дисконттау және дисконтталған құн.
   3) Капитал бойынша уақытаралық таңдау мәселесі.
   4) Жер рентасының түрлері: монополиялық рента, экологиялық
рента, т.б.

   5. Есептер:
   1. Айталық, сіздің университетте оқудың келесідей төлемақысы
бекітілді: сіз жылына 2 мың доллар төлейсіз, бірақ қалған үш жылда
оқудың ақысы жыл сайын 200 долларға өсіп отырады. Университет
әкімшілігі оқудың төлемақысын үнемдеу үшін студенттерге
бірден төрт жылға 8 мың доллар төлеу жөнінде ұсыныс жасайды.
Әкімшіліктің айтуынша студенттер бұл жерде 1200 доллар үнемдей
алады:
   2-ші жылы 200 доллар;
   3-ші жылы 400 доллар;
   4-ші жылы 600 доллар.
   Егер сіздің ата-анаңыз осындай ақша алу үшін өз компаниясының
жылына 12% дивиденд түрінде табыс әкелетін акциясын сату туралы
шешім қабылдаса, онда сіз осы ұсынысты қабылдайсыз ба?

   2. Айталық, жер телімі 300 мың теңгеге сатылады. Сіздің ойыңызш­ а,
бұл жерді жалға бергенде ол жылына 25 мың теңге көлемінде рента­
лық табыс әкеледі. Осыған байланысты, 300 мың теңге табысыңызды
максималдауға ұмтыласыз, банктік пайыз мөлшерлемесі 10-ға тең. Сіз
жерді сатып алу жөнінде шешім қабылдайсыз ба?

   3. Белгілі бір отбасының алдында мынадай мәселе тұр: кір жуатын
машинаны сатып алу немесе кір жуу қызметін пайдалану.

   Кір жуу қызметі аптасына 200 теңгеге тең.
   Кір жуатын машинаның бағасы 30 000 теңге.
   Коммерциялық банктің пайыз мөлшерлемесі 10%-ға тең.

           190

⇐ МАЗМҰНЫ
   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195