Page 189 - index
P. 189

19.	Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми Интернет-
    ресурсы: www.stat.gov.kz

                         Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.	 Өндіріс факторлары нарықтарының игіліктер нарығынан
    айырмашылығы қандай?

2.	 Өндіріс факторлары нарықтарында сұраныс пен ұсынысты кімдер
    қалыптастырады?

3.	 Туынды сұраныс дегеніміз не?
4.	 Еңбек нарығының ерекшеліктері қандай?
5.	 Жалақының түрлері мен нысандары қандай?
6.	 Капитал нарығының ерекшеліктері қандай?
7.	 Пайыздың түрлері қандай?
8.	 Жер ресурстары нарығының ерекшеліктері қандай?
9.	 Жер рентасының түрлері қандай?
10.	Жердің бағасын қалай анықтауға болады?

                      Тәжірибе сабағының жоспары:

   Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған,
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап
беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.

   Мақсаты: өндіріс факторлары нарығын және ондағы сұраныс
пен ұсынысты, факторлық табыстардың қалыптасу ерекшеліктерін
қарастыру. Ол үшін тәжірибе сабағында тақырып бойынша мынадай
сұрақтардың мәнін ашу керек:

9.1. Өндіріс факторлары нарығына жалпы түсінік. Туынды сұра­
      ныс;

9.2. Еңбек нарығы және жалақы;
9.3. Капитал нарығы және пайыз;
9.4. Жер нарығы және рента.

                      Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

           189

⇐ МАЗМҰНЫ
   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194