Page 251 - index
P. 251

C = 10 + 0,9Y
                                  I = 60 млрд. тг.
                                 G = 100 млрд. тг.

   Осыған сәйкес, келесі жылы ЖҰӨ-нің болжанбалы деңгейінің
қанша көлемде болатындығын есептеңіз.

   2. Белгілі бір елде тұтыну шығындары мен инвестициялар көлемі
мына теңдіктермен беріледі:

                                    C = 8 + 0,7Y
                                       I = 0,2Y

   Экономистердің бағалауынша, келесі жылы мемлекеттік шығындар
көлемі 60 млрд. теңгені, ал таза экспорт 4 млрд. теңгені құрайды.
Онда келесі жылы ЖҰӨ-нің болжанбалы деңгейінің қанша көлемде
болатындығын есептеңіз.

   3. Үкімет экономист-мамандарға келесі жылға ЖІӨ-нің өсуін
болжап беруді ұсынды. Мамандар келесі жылы тұтынушылық
шығындар ЖІӨ-нің 70%-ын құрайды, инвестициялар мен мемлекеттік
шығындар сомасы 2 млрд. долларға жетеді, ал таза экспорт нөлге тең
болады деп есептейді.

   1) Экономист-мамандардың ЖІӨ-нің мүмкін болатын көлеміне
деген болжамы қандай болды?

   2) Егер тұтынушылық шығындар деңгейі болжанған шамасынан
ауытқып, шын мәнінде, ЖІӨ-нің 75%-ын құраса, онда ЖІӨ-нің нақты
көлемі мен болжанған көлемі арасындағы айырмашылық қандай?

   3) Тұтынушылық шығындар деңгейі, инвестициялар мен
мемлекеттік шығындар сомасы туралы экономист-мамандардың
болжамдары қате болып шықты. Іс жүзінде олардың мәндері
сәйкесінше 0,75 Y және 2,5 млрд. доллар болып шықты. Олай
болса, ЖІӨ-нің нақты көлемі мен болжанған көлемі арасындағы
айырмашылық қандай?

   4. Төменде келтірілген мәліметтер негізінде ЖІӨ-нің нақты
деңгейін және оның өсу қарқынын анықтаңыз.

Жылдар  Атаулы ЖІӨ,  Бағалар  Нақты ЖІӨ, Экономикалық
            млн.тг.  индексі
    1                         млн.тг.  өсудің қарқыны
    2        2 600      10

             2 800       5

                     251

⇐ МАЗМҰНЫ
   246   247   248   249   250   251   252   253   254   255   256