Page 246 - index
P. 246

әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алуға мүмкіндік табады.
Қазіргі өскелең экономика бір уақытта қоршаған ортаның ластануы­
мен күресу бойынша жаңа бағдарламаларды қабылдап қоғамдық
игіліктер өндірісінің қысқаруына жол бермеуге тырысады.

   Жалпы алғанда, экономикалық өсу әлемнің барлық елдерінің ортақ
мақсаты, елдің экономикалық қуатының көрсеткіші болып табылады.

   Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру үшін
еңбек, капитал және жер сияқты негізгі үш фактор қажет. Нәтижесінде
жиынтық өнім сол еңбекті, капиталды және табиғи ресурстарды
қолданудың функциясы болып табылады. Сәйкесінше, жиынтық өнім
көлемі өндірістің осы әрбір факторына тәуелді болып табылады. Бұл
кезде өндіріс көлемі өндіріс факторларының жұмсалуына қарағанда
үлкен дәрежеде өсуі мүмкін. Оған әсер ететін бірден бір фактор –
ғылыми-техникалық прогресс.

   Өндіріс факторлары шығындарының өсуіне және ғылыми-
техникалық прогресс қарқынына жиынтық өнімнің өсу тәуелділігін
төмендегі өндірістік функция сипаттайды:

           Y (t) = A (t) ƒ [L (t), K (t), N (t)],

мұнда, Y (t) – жиынтық өнімнің өсу қарқыны;
   A (t) – ғылыми-техникалық прогресс қарқыны;
   L (t), K (t), N (t) – еңбекке, капиталға және табиғи ресурстарға

кеткен шығындардың өсу қарқыны.
   Бұл өндірістік функция халық шаруашылығы деңгейінде

экономикалық өсуді талдау үшін қолданылады. Ол өндірістің ненің
есебінен дамып жатқандығын анықтай алады: өндіріске жаңа
факторларды тарту есебінен бе, не оларды қолданудың тиімділігін
арттыру есебінен бе; қандай фактордың есебінен өндірістің
тиімділігі көп дәрежеде артатындығын және қандай фактордың тым
аз қарқынмен дамитындығын немесе өндірістің дамуына кедергі
келтіретіндігін анықтай алады.

   Ұлттық шаруашылықтың экономикалық өсуі экстенсивті,
интенсивті және аралас жолдармен жүзеге асырылады.

   Экономикалық өсудің экстенсивті типі өндіріс масштабын
кеңейтуге негізделеді. Мұндай жағдайда экономикалық өсу өндірістің
технологиясын өзгертпей өндіріске тартылатын факторлардың санын
арттыру есебінен орындалады. Экономикалық өсудің экстенсивті
факторлары қолданылатын өндірістік ресурстардың көлемін арттыру
есебінен өндіріс көлемінің ұлғаюының сандық жағын сипаттайды.

           246

⇐ МАЗМҰНЫ
   241   242   243   244   245   246   247   248   249   250   251