Page 250 - index
P. 250

Тәжірибе сабағының жоспары:

   Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған,
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап
беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.

   Мақсаты: экономикалық цикл мен экономикалық дағдарыстар,
экономикалық даму мен экономикалық өсу ұғымдарына жан-жақты
тоқталу. Ол үшін тәжірибе сабағында тақырып бойынша мынадай
сұрақтардың мәнін ашу керек:

   12.1.	Экономикалық цикл: мәні, фазалары, параметрлері, типтері,
          түрлері, факторлары, үлгілері;

   12.2.	Экономикалық өсу: түсінігі, типтері, түрлері, факторлары,
          негізгі үлгілері;

   12.3.	Қазақстанның қазіргі дағдарысқа қарсы іс-шаралары;
   12.4.	Қазақстанның экономикалық өсуінің қазіргі үлгісі.

                      Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

    1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
    2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
    3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс және оның
салдарлары;
   Экономикалық дағдарыстардың түрлері;
   Қазақстанның қазіргі дағдарысқа шараларының нәтижелері;
   Экономикалық өсудің қазіргі заманғы үлгілері;
   Қазақстанның экономикалық өсу қарқыны.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Ростоу моделі;
   2) Қазақстандағы экономикалық өсудің негізгі бағыттары.

   5. Есептер:
   1. Экономистердің болжауынша, келесі жылы ел ішіндегі
экономикалық жағдай мына мәліметтермен сипатталды:

           250

⇐ МАЗМҰНЫ
   245   246   247   248   249   250   251   252   253   254   255