Page 253 - index
P. 253

3.	 Дж. Кейнстің тұжырымдамасына сәйкес, экономикалық
    циклдің себебі неге байланысты?
    A) Тек сыртқы факторлар әсеріне
    B) Тек ішкі факторлар әсеріне
    C)	Жиынтық сұраныс динамикасына басымды әсер ететін
        факторларға
    D)	Жиынтық ұсыныс динамикасына басымды әсер ететін
        факторларға
    E) Тек кездейсоқ саяси факторларға

4.	 Экономикалық цикл (кезең) дегеніміз – бұл:
    А) Экономикада кезең кезеңмен қайталанатын өрлеу құбылыстары
    В) Тұтыну мен инвестициялардың өзара қатынастарының ауытқуы
    С)	Бір экономикалық фазаның басталуынан екінші бір фазаның
        басталуына дейінгі кезең
    D) Экономикада кезеңділікпен орын алатын құлдыраулар
    Е) Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара ауытқулары

5.	 Жұмыспен толық қамтылған экономикадағы экономикалық
    өсудің жоғары қарқыны нені талап етеді?
    A)	Қор жинақтау мен инвестицияның төменгі мөлшерін
    B)	Қор жинақтаудың жоғары мөлшерін және инвестицияның
        төменгі мөлшерін
    C)	Қор жинақтаудың жоғары мөлшерін және инвестицияның
        жоғары мөлшерін
    D)	Қор жинақтаудың және инвестицияның төменгі мөлшерін
    E)	Қор жинақтаудың төменгі мөлшерін және инвестицияның
        жоғары мөлшерін

6.	 Экономикалық циклдің сыртқы факторлары – бұлар:
    А) Тұтыну В) Инвестициялау С) Соғыстар
    D) Үкімет шаралары Е) Инфляция

7.	 Қысқа мерзімді экономикалық циклдер кімнің атымен
    аталады?
    А) П. Самуэльсонның В) С. Кузнецтің С) Дж. Китчиннің
    D) Н. Кондратьевтің Е) К. Маркстің

8.	 Мыналардың қайсысы экономикалық өсудің жағымды
    жақтарына жатпайды?
    А) Әлеуметтік көмектерді арттыру
    В) Адамның табиғатқа белсенді түрде араласуы
    С) Адамдардың мәдени деңгейін арттыру
    D) Адамдардың тұлға ретінде даму мүмкіндіктіктерін өсіру

    Е) Тұтыну стандарттарын арттыру

           253

⇐ МАЗМҰНЫ
   248   249   250   251   252   253   254   255   256   257   258