Page 257 - index
P. 257

29.	Экономикалық өсудің қандай моделінде ҒТП басты фактор
    ретінде қарастырылады?
    А) Солоу үлгісінде В) Кейнстің моделінде С) Харродтың үлгісінде
    D) Домардың үлгісінде Е) Кобб-Дуглас моделінде

30.	Мыналардың қайсысы экономикалық циклдің фазаларына
    жатпайды?
    А) Инфляция В) Құлдырау C) Тоқырау D) Шың E) Көтерілу

31.	Қазақстанда алғашқы экономикалық өсім қанша пайыз
    болды?
    А) 1998 жылы 2 % болды
    В) 1999 жылы 2,7 % болды
    С) 2000 жылы 10 % болды
    D) 1995 жылы 0,5 % болды
    Е) 1996 жылы 9.6 % болды.

32.	Мына көрсеткіштердің қайсысы контрциклдік параметр­лер­
    ге тән болып табылады?
    А) Корпорациялардың пайдасы
    В) Экспорт
    С) Жұмыссыздық дәрежесі
    D) Өндірістік қуаттардың қолданылуы
    Е) Баға деңгейі

33.	Экономикалық өсудің экстенсивті жолының көздері қандай?
    А) Технологиялық өзгерістер
    В) Жұмыскерлердің біліктілік деңгейі
    С) Жұмысшылар санының артуы
    D) Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар
    Е) Еңбек өнімділігінің артуы

34.	«Ұзын толқындар» теориясы кімнің атымен байланысты:
    А) К. Маркстің
    В) Дж.М. Кейнстің
    С) Н.Д. Кондратьевтің
    D) Й. Шумпетердің
    Е) С. Кузнецтің

35.	Кез келген елде экономикалық өсуді өлшеудің басты көр­
    сеткіші:
    А) Мемлекеттік бюджет
    В) Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
    С) Жан басына шаққандағы ЖІӨ
    D) Инвестициялар

    Е) Ұлттық байлық

           257

⇐ МАЗМҰНЫ
   252   253   254   255   256   257   258   259   260   261   262