Page 304 - index
P. 304

1. Жалпы ұлттық өнім толық жұмысбастылық жағдайында 20
млрд. долларды, ал жалпы ұлттық өнімнің нақты деңгейі 16 млрд.
долларды құрайды. Салықтардың сомасы ЖҰӨ шамасының 10%-ын
құрайды. Тауарлар мен қызметтерге деген мемлекеттік шығындар 1,8
млрд. долларға тең.

   А) Мемлекеттік бюджеттің тапшылықпен немесе артықшылықпен
жабылатындығын анықтаңыз және оның мөлшерін табыңыз.

   Ә) Толық жұмысбастылық жағдайында мемлекеттік бюджет
сальдосының қалай өзгеретіндігін анықтаңыз.

   2. Мына кестенің мәліметтеріне қарап пайдаға салынатын
салықтық мөлшерлеме мен мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық
түсімдер арасындағы мүмкін болатын байланысқа көңіл аударыңыз:

Пайдаға салынатын салық    10   20 30 40 50  60
мөлшерлемесі               300
                                550 650 900 800 700
Бюджетке түсетін салықтық
түсімдердің жалпы сомасы,
млрд. тг.

   Келтірілген мәліметтерді пайдалана отырып, Лаффер қисығын
салыңыз. Салықтық мөлшерлеме белгілі бір деңгейден көтерілгеннен
кейін жиналатын салық түсімдерінің өспейтіндігін және оның не
үшін төмендейтіндігін түсіндіріңіз. Салықтық мөлшерлеменің қандай
деңгейінде салық түсімдерінің жалпы сомасы максималды деңгейге
жетеді?

   3. Мына келтірілген мәліметтер негізінде коммерциялық банктің
балансын құрыңыз: талап етілгенге дейінгі депозиттер – 30  000;
жинақ депозиттері – 25  000; ссудалар – 90  000; жедел салымдар –
70 000; үкіметтің құнды қағаздары – 4 000; вексельдер, облигациялар,
корпорацияның акциялары – 6 000; кассалық қолма-қол ақшалар –
1  000; орталық банктің шоттарындағы салымдар – 5  000; басқа да
активтер – 3 000; басқа да пассивтер – 18 000; капитал шоты – 20 000.

   4. Айталық, міндетті резервтер нормасы 10%, А банкісі 10  000
доллар көлемінде қарыз беріп, оны қарыз алушы В банкінің шотына
аударды. В банкінің артық резервтері қандай және оның осы
операцияның нәтижесінде бере алатын жаңа қарызының көлемі
қандай болады?

                           304

⇐ МАЗМҰНЫ
   299   300   301   302   303   304   305   306   307   308   309