Page 300 - index
P. 300

Өмір сүру деңгейі ұғымымен қатар өмір сүрудің сапасы деген
түсінік кеңінен қолданылады.

   Өмір сүру сапасы – бұл өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерімен
қатар рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылу дәрежесін, адамды
қоршаған ортаның жағдайларын, моральді-психологиялық климат
жағдайларын, рухани ыңғайлылықты есепке алатын жалпылама
әлеуметтік-экономикалық категория. Өмір сүру сапасын сипаттайтын
көрсеткіштер әдетте, статистикалық өлшемдерге бағына бермейді,
соның салдарынан елдің өмір сүру сапасын бағалау аса қиынға соғады.

   Дегенмен, 1990 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы әртүрлі
елдердің өмір сүру сапасын және оны салыстырмалы бағалау үшін
агрегатталған көрсеткішті қолданып келеді. Бұл көрсеткіш бастапқыда
«адам дамуының индексі» деп аталды. Ал қазіргі уақытта, ол «адам
әлеуеті дамуының индексі» (АӘДИ) деп аталады. Осы индекс мына
үш көрсеткіштің орташа арифметикалық өлшенген шамасы ретінде
анықталады:

   –– жан басына шаққандағы ұлттық табыс немесе ЖІӨ (ЖІӨжбш);
   –– ересек адамдардың білім деңгейі (1бд);
   –– өмір сүрудің ұзақтылығы (1өсұ), яғни:

                      АӘДИ = (ЖІӨжбш + 1бд + 1өсұ) / 3.

   Көптеген жылдар бойы осы көрсеткіш бойынша алдыңғы қатарлы
орындарды Норвегия, Швеция, Австралия, Канада, АҚШ, Жапония
мемлекет-тері алып келеді.

   Өмір сүру деңгейін анықтайтын басқа да көрсеткіштер бар.
Мысалы, шетелдік әдебиет көздерінде халықтың өмір сүру
қабілетінің коэффициенті, жан басына шаққандағы адам капиталы,
қоғамның интеллектуалдық әлеуетінің индексі сияқты көрсеткіштер
сипатталады.

   Қазіргі нарықтық қатынастар еңбек ету құқығына, тұрақты табыс
табуға, білім алуға кепілдік бермегендіктен және мүгедектерді,
зейнеткерлерді және басқа да азаматтарды әлеуметтік қорғауды
қамтамасыз ете алмайтындықтан мемлекет әлеуметтік салаға,
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру-ға және табыс­
тарды қайта бөлуге міндетті түрде араласады.

   Елдегі табыстарды қайта бөлудің ең басты құралы мемлекеттік
бюджет болып табылады, ол халықты әлеуметтік қорғау механизмін
анықтайды.

   Әлеуметтік саясатпен іске асырылатын халықты әлеуметтік қорғау
жүйесі екі негізгі әдісті қолданады:

           300

⇐ МАЗМҰНЫ
   295   296   297   298   299   300   301   302   303   304   305