Page 303 - index
P. 303

Тәжірибе сабағының жоспары:

   Тәжірибе сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған,
тақырыптың негізгі теориялық сұрақтарын пікірталас, ауызша жауап
беру, дискуссия, сұрақ-жауап, т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы
жүргізілуі тиіс.

   Мақсаты: мемлекеттің қаржы, салық және ақша жүйелерін
талқылау, мемлекет саясатының түрлерін қарастыру. Ол үшін тәжірибе
сабағында тақырып бойынша мынадай сұрақтардың мәнін ашу керек:

   14.1.	Қаржы жүйесі және мемлекеттік бюджет құрылымы;
   14.2.	Салықтардың экономикалық мәні, қызметтері, элементтері.

          Лаффер қисығы;
   14.3.	Ақша жүйесінің элементтері және ақша агрегаттары;
   14.4.	Несиенің мәні мен формалары. Қазақстандағы банк жүйесі;
   14.5.	Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Лоренц қисығы.

                      Студенттің өзіндік жұмыстары

   Мақсаты: тақырыптың негізгі талқылау сұрақтарын мәселелік
тұрғыдан қарастыру үшін ұсынылатын әдебиеттерді игеру, сонымен
қатар, тақырыпты толық меңгеріп бекіту үшін төмендегідей
ұсынылатын тапсырмаларды орындау.

   1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).
   2. Тақырып бойынша логикалық сызбалар құрастыру.
   3. Мәнжазба, эссе, баяндама тақырыптары:
   Қазақстандағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастар;
   Мемлекеттік бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз
мәселелері;
   Қазақстанның Ұлттық қоры және оның мақсаттық бағыттылығы;
   Қазақстанның салық жүйесі және оның ерекшеліктері;
   Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуы;
   Қазақстанның банк жүйесі және несиелік қатынастар;
   Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесі және мемлекет­
тік бағдарламалар.
   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Қазақстандағы үш жылдық бюджет жағдайына талдау.
   2) Ұлттық қор және оның экономиканы тұрақтандырудағы маңызы.

   5. Жаттығулар мен есептер:

           303

⇐ МАЗМҰНЫ
   298   299   300   301   302   303   304   305   306   307   308