Page 299 - index
P. 299

Сонымен, табыстарды бөлудегі теңсіздіктердің болу себептеріне
байланысты қоғамда экономикалық мүмкіндіктерді теңестіру мүмкін
болмайды, тіпті дамыған елдерде қазірдің өзінде бай және кедей
топтағы азаматтар өмір сүреді.

   Белгілі американ экономистері П. Самуэльсон мен В. Нордхаустың
берген анықтамасы бойынша, кедейшілік – бұл өмір сүрудің
ең төменгі шегін қолдауға қажетті табыстың төменгі деңгейі.
Кедейшілік деңгейі елдегі табыстардың қайта бөліну масштабтары
мен бағытын, салық жүйесінің қайта құрылуын және зейнетақы
жүйесін қайта қарауды анықтайды. Кедейшілік деңгейін өмір сүру
минимумы көрсеткішімен өлшейді. Егер халықтың табыстары осы
көрсеткішке тең немесе төмен болса, онда олар мемлекет тарапынан
қорғалуға құқылы. Әдетте, кедей отбасылар өз табыстарының 1/3-
ін азық-түлік тауарларына жұмсайды. Өмір сүру минимумымен
бірнеше көрсеткіштер: минималды жалақы, минималды зейнетақы,
шәкіртақылар, бірқатар жардемақылар байланысты. Өмір сүрудің
осындай шегі кедейшілік-тің негізгі сипатты белгісін анықтайды.
Өмір сүру минимумы – бұл халықтың өмір сүру деңгейін бағалауда
қолданылатын аса маңызды көрсеткіш. Осыдан, халықтың өмір сүру
деңгейі деген ұғым туындайды.

   Өмір сүру деңгейі – бұл адамдардың өмір сүруінің негізгі
қажеттілікте-рін қанағаттандыру мөлшерін сипаттайтын тауарлар мен
қызметтер деңгейі, әл-ауқаттылық деңгейі, әлеуметтік жағдайлар мен
көрсеткіштер жиынтығы.

   Өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері (индикаторлары):
   –– халықтың әртүрлі табыстары (орташа атаулы және нақты
табыс, орташа жалақы, зейнетақының орташа деңгейі, өмір сүру
минимумының деңгейі, т.б.);
   –– баспана (бір тұрғынға келетін тұрғын үйдің жалпы ауданы);
   –– денсаулық сақтау (1000 тұрғынға келетін аурухана керуеттерінің
саны);
   –– білім беру (орташа және жоғары оқу орындарының саны, халық
санындағы студенттердің үлес салмағы);
   –– мәдениет (кітаптардың, журналдар мен газеттердің саны);
   –– жылжымайтын мүлік және ұзақ қолданылатын тауарлардың
болуы;
   –– тамақ (калориялығы, азық-түлік құрамы);
   –– демографиялық үрдістер (өмір сүрудің ұзақтылығы, туу/өлу,
некелесу/ажырасудың күтілетін деңгейі);

   –– қауіпсіздік (тіркелген қылмыстар саны).

           299

⇐ МАЗМҰНЫ
   294   295   296   297   298   299   300   301   302   303   304