Page 341 - index
P. 341

Ақша ұсынысы – экономикада өндірілген жиынтық өнім көлемі­
нің айналымы үшін қажетті ақша жиыны немесе айналыстағы қолма-
қол ақшалар мен талап етілгенге дейінгі депозиттердің қосындысы.

   Ақшаға жалпы сұраныс – келісімдер жасау және активтерге
сұраныс білдіру үшін қажетті ақшаға сұраныстың сомасы.

   Ақшалай капитал – инвестициялық тауарларды сатып алу үшін
қажетті қолдағы бар ақшалар.

   Ақшалай нарық – пайыз мөлшерлемесінің белгілі бір деңгейінде
ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысының теңесуі орын алатын нарық.

   Ақшаның құны – ақша бірлігіне айырбастауға болатын тауарлар
мен қызметтердің жалпы көлемі; ақша бірлігінің сатып алушылық
қабілеті; бағалар деңгейіне кері шама.

   «Ақылдың қашуы» - көп пайда табу және ең жақсы жұмыс
жайларын табу мақсатында білімі мен біліктілігі жоғары мамандар
мен жұмыскерлердің елден кетуі.

   Алыпсатарлық – пайда табуға бағытталған сатушының немесе
сатып алушының қайта сату бойынша әрекеттері.

   Амортизация – негізгі капиталды тұтыну.
   Аралық өнімдер – қайта сату, алғашқы өңдеу немесе дайындау
үшін сатып алынатын тауарлар.
   «Арзан» ақшалар саясаты – экономикалық белсенділікті көтеру
үшін айналымдағы ақша массасын ұлғайту саясаты.
   Артықшылық – берілген бағалар (тепе-теңдік бағадан жоғары)
кезінде тауардың ұсыныс көлемінің оған деген сұраныс көлемінен
артып кетуін білдіретін шама.
   Асимметриялық ақпарат – нарықта сатушының (сатып
алушының) сатып алушыға (сатушыға) қарағанда тауарлар немесе
қызметтер туралы аса маңызды ақпараттарға ие болу жағдайы.
   Атаулы жалақы – жұмыскердің жұмыс уақытының бірлігіне
(сағатына, күніне және т.б.) алатын ақшалай табысының көлемі.
   Атаулы пайыз мөлшерлемесі – елдегі инфляция қарқынын
ескермейтін банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыз
қойылымы.
   Атаулы табыс – жекелеген тұлғалардың және топтардың белгілі
бір нақты уақыт аралығында тапқан табыстарының ақшалай көлемі.
   Ашық нарықтағы операциялар – мемлекеттің орталық банк
арқылы айналымдағы ақша массасын реттеу үшін бағалы қағаздарды
сату және сатып алу әрекеттері.
   Ашық экономика – тауарлар мен қызметтердің экспорты мен

импортын жүзеге асыратын елдің экономикасы.

           341

⇐ МАЗМҰНЫ
   336   337   338   339   340   341   342   343   344   345   346