Page 345 - index
P. 345

Жалпы ішкі өнім дефляторы – атаулы жалпы ішкі өнімнің нақты
жалпы өнімге қатынасы; нақты жалпы ішкі өнімді өлшеу мақсатында
ақшалай (атаулы) жалпы ішкі өнімді түзетіп отыру үшін қолданы­
латын барлық дайын тауарлар мен қызметтерге деген бағалар индексі.

   Жалпы ұлттық өнім – әдетте, бір жыл ішінде белгілі елдің ұлттық
ресурстарын қолданумен өндірілген дайын барлық тауарлар мен
қызметтердің жалпы нарықтық құны.

   Жалпы шығындар – тұрақты және өзгермелі шығындардың
сомасы.

   Жаңа енгізілім (инновация) - өндіріске жаңа өнімді енгізу, жаңа
өндіріс-тік әдісті немесе бизнесті ұйымдастырудың жаңа нысанын
қолдану.

   Жеке қызығушылық – әрбір фирманың, әрбір меншік иесінің,
жұмыскердің, тұтынушының өзі үшін қол жеткізілуі тиіс ең жақсы
деп саналатын мақсаттарының орындалуы.

   Жеке меншік – жеке тұлғалар мен фирмалардың жерді, капиталды
және басқа активтің түрлерін иемденуге, пайдалануға, бақылауға,
басқаруға, сатуға және мұраға қалдыруға деген құқығы.

   Жеке сектор – елдегі үй шаруашылықтары мен фирмалардың
жиынтығы.

   Жеке табыс – жеке табыс салықтарын төлегенге дейінгі
азаматтардың алатын жиынтық табыстары.

   Жеке фирма – бір ғана тұлға иемденетін және басқаратын
корпоративтік емес фирма.

   Жер – тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін қолданылатын табиғи
ресурстар.

   Жетілмеген бәсеке – нарықта монополия, монополистік бәсеке,
олигополия, монопсония, олигопсония сияқты құрылымдардың орын
алу жағдайы.

   «Жетпіс шамасы» (70) ережесі – 70 санының инфляцияның
жылдық қарқынына бөлінуі; бағалар деңгейінің екі еселенуіне қажетті
жылдар санын анықтау үшін қолданылатын әдіс.

   Жинақтау – салықтарды төлегеннен кейінгі тұтыну тауарларын
сатып алуға жұмсалмайтын табыстың бір бөлігі; қолда бар табыс пен
тұтыну шығындары арасындағы айырма.

   Жинақтауға деген орташа бейімділік – салықтарды төлеп
болғаннан кейінгі үй шаруашылықтарының жинақтауға қалдырған
табысының бір бөлігі; жинақтаудың қолда бар табысқа қатынасы.

           345

⇐ МАЗМҰНЫ
   340   341   342   343   344   345   346   347   348   349   350