Page 346 - index
P. 346

Жинақтауға деген шекті бейімділік – қолда бар табыстың кез-
келген өзгеруіндегі жинақтаудың үлесі; қолда бар табыс өзгерісінің
жинақтау көлемінің өзгерісіне қатынасы.

   Жиынтық пайдалылық – өнімнің жалпы көлемінің белгілі бір
бөлігін тұтынудан алынатын жалпы пайдалылық.

   Жиынтық сұраныс – экономикада әртүрлі бағалар деңгейінде
өндірілген жиынтық өнім көлеміне экономикалық субъектілердің
жұмсайтын жиынтық шығындары.

   Жиынтық ұсыныс – бағалардың әрбір деңгейінде ұсынылуы
(өндірілуі) тиіс тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі немесе
экономикада өндірілген нақты жалпы ішкі өнім көлемі.

   Жұмыс күші – он алты жастан бастап және одан жоғары жастағы
жұмыс істейтін азаматтардың және жұмыссыздардың жалпы саны;
еңбекке жарамды барлық экономикалық жағынан белсенді халық.

   Жұмысбастылық деңгейі – жұмысы бар азаматтардың жұмыс
күшінің жалпы санындағы үлесі.

   Жұмыссыздық – еңбекке жарамды халықтың белгілі бір уақыт
аралығында белгілі бір себептермен жұмыс істемеуі немесе жұмыс
таба алмау жағдайы.

   Жұмыссыздық деңгейі – жұмыс күші құрамындағы жұмыссыз
адамдар-дың үлесі; жұмыс күшінің жұмыссыздардың жалпы санына
қатынасының жүз пайызға көбейтіндісі.

   Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – толық жұмысбастылық пен
ресурстардың экономикаға толық тартылуы жағдайында орын алатын
және инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың қалыпты
деңгейі.

   Икемділік коэффициенті – сұраныс (немесе ұсыныс) көлемінің
пайыздық өзгеруінің тауар бағасының пайыздық өзгеруіне қатына­
сының нәтижесі.

   Икемді сұраныс – мәні 1-ден үлкен сұраныс икемділігінің
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің сұраныс көлемінің
пайыздық өзгеруінен аз болу жағдайы.

   Икемсіз сұраныс – мәні 1-ден кіші сұраныс икемділігінің
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің сұраныс көлемінің
пайыздық өзгеруінен көп болу жағдайы.

   Икемді ұсыныс – мәні 1-ден үлкен ұсыныс икемділігінің
коэффициенті; бағаның пайыздық өзгеруінің ұсыныс көлемінің
пайыздық өзгеруінен аз болу жағдайы.

           346

⇐ МАЗМҰНЫ
   341   342   343   344   345   346   347   348   349   350   351