Page 342 - index
P. 342

Әлеуетті бәсекелестік – салада жұмыс істейтін фирмаларға жо­
ғары экономикалық пайда алуды қамтамасыз ететін жаңа фирмалар­
дың сол салаға кіру мүмкіндіктері.

   Әміршіл-әкімшіл экономика – барлық материалдық ресурстар
мемлекеттік меншікті құрайтын және экономикалық қызметтің бағы­
ты орталықтандырылған экономикалық жоспарлау жолымен жүзеге
асырылатын шаруашылықты ұйымдастырудың бір әдісі.

   Әріптестік – екі немесе одан да көп тұлға иелік ететін және
басқаратын корпоративтік (акционерлік емес) емес фирма.

   «Әртүрлі тең жағдайларда» болжамы – қарастырылып отырған
айнымалыдан басқа барлық басқа айнымалылардың өзгеріссіз қалуын
болжау.

   Баға – тауарлар мен қызметтер бірлігіне алынатын және төленетін
ақша (немесе басқа тауарлар мен қызметтердің) саны.

   Бағалық емес бәсеке – фирмалардың өнімнің сатылу көлемін
ұлғайту мақсатында қолданатын әдістері. Оларға өнімді ерекше­
лендіру, жарнама және өткізуді ынталандыру бойынша шаралар
жатады.

   Бағалық кемсітушілік (дискриминация) – сапасы мен шығын­
дары бір-дей тауарды әртүрлі бағамен әртүрлі тұтынушыларға сату
тәжірибесі.

   Бағаның төменгі шегі – тепе-теңдік бағадан жоғары үкіметтің
бекіткен минималды бағасы.

   Баж – импортталатын тауарларға салынатын салық.
   Базистік жыл – бағалар индексін басқа жылдарда орын алған
бағалармен салыстыру үшін негізге алынып қолданылатын жыл.
   Баламалы шығындар – өнімдердің белгілі бір құнын өндіру үшін
бас тартуға тура келетін басқа өнімдердің құны.
   Бартер, бартерлік сауда – бір тауарды немесе қызметті басқа бір
тауарға немесе қызметтің түріне табиғи айырбастау.
   Бәсеке – нарықта пайда табу және пайдалылық көру мақсатында
бақталастыққа түсетін тәуелсіз сатып алушылар мен сатушылардың
үлкен санының орын алуы және олардың нарыққа еркін кіріп одан
шығып кете алу мүмкіндіктері.
   Бірлік икемділік – икемділік коэффициенті мәнінің 1-ге тең болу
жағдайы; сұраныс немесе ұсыныс шамасының пайыздық өзгеруінің
бағаның пайыздық өзгеруіне тең болуы.
   Бірін-бірі алмастырушы тауарлар (субститут тауарлар) - бір
тауардың бағасы мен екінші бір тауардың көлемі арасында тура

           342

⇐ МАЗМҰНЫ
   337   338   339   340   341   342   343   344   345   346   347