Page 59 - index
P. 59

1.2. Ашық экономикалық жүйе – бұл экономиканың халық­ара­лық
экономикалық қатынастар жағдайында белсенді түрде жұмыс жасауы,
бұл жерде ұлттық валютамен қатар шетел валютасы қолданылады.

   2. Меншік қатынастары бойынша:
   2.1. Дәстүрлі экономикалық жүйе – ғасырлар бойы сақталған
салт-дәстүрлерге негізделген қатынастар.
   Бұл жүйенің сипатты белгілері:
   -	 өнімді өндіру, бөлу және айырбастау салттарға, дәстүрлерге

       негізделеді;
   -	 әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық, ұдайы өндіріс

       қарқынының тым төмен болуы;
   -	 техникалық прогресстің шектелуі;
   -	 халық санының өсуінің өнеркәсіптік өндірістің өсу қарқынынан

       тұрақты түрде артып отыруы;
   -	 сыртқы қарыздың маңызды түрде орын алуы;
   -	 мемлекеттің және қарулы күштер құрылымының жоғары рөлі.
   2.2. Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйе – орталықтандырыл­
ған жоспарлауға, өндірістің барлық факторларына мемлекеттік
меншіктің орын алуына негізделген қатынастар.
   Сипатты белгілері:
   -	 өндіріс құрал-жабдықтарына деген мемлекеттің меншіктің орын

       алуы;
   -	 экономиканы орталықтан жоспарлау;
   -	 өндірушілердің монополиялануы;
   -	 ресурстардың орталықтандырылған қоры.
   -	 ынталандырудың нарықтық жүйесінің болмауы.
   2.3. Нарықтық экономикалық жүйе – жеке меншікке, жеке
мүддеге, еркін бәсекелестікке негізделген қатынастар.
   Сипатты белгілері:
   -	 өндіріс факторларына деген жеке меншіктің орын алуы;
   -	 кәсіпкерліктің еркіндігі және таңдау мүмкіндігінің болуы;
   -	 шаруашылық субъектілерінің дербестілігі;
   -	 шаруашылық субъектілерді жеке мүдделеріне сай ынталандыру;
   -	 өндірушілер арасындағы, тұтынушылар арасындағы бәсекелестік,

       бұл ешкім нақты экономикалық билікке ие болмауы тиіс.
   2.4. Аралас экономикалық жүйе – нарықтық тетіктер мен
экономиканы мемлекеттік реттеудің үйлестірілуі орын алатын
қатынастар.
   Сипатты белгілері:

           59

⇐ МАЗМҰНЫ
   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64