Page 62 - index
P. 62

11. Қалдықтық сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын
қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.

   Сонымен, меншіктің экономикалық категория ретіндегі мәні
мынаған келіп саяды, яғни меншік – бұл адамдар арасындағы
материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және
тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

   Меншік қатынастары меншік объектілерін иемдену жөнінде
меншік субъектілерінің арасында қалыптасып отырады. Меншік
субъектілері – бұл олардың арасында меншік қатынастары туындап
отыратын тұлғалар, оларға жеке индивидтер, отбасы, әлеуметтік
топтар, ұжым, халық, мемлекет және басқару органдары жатады.
Меншік объектісі – бұл осылар арқылы меншік қатынастары
туындап отыратын қандай да бір заттар немесе құралдар, т.б. Меншік
объектілеріне: жер, ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-
жабдықтары, мүлік, ақшалар, бағалы заттар, ақпарат, жұмыс күші,
білім, құнды қағаздар, ұлттық құндылықтар, т.б. жатады.

   Меншіктің 2 түрі ажыратылады: жеке меншік және мемлекеттік
меншік. Олардың әрқайсысының бірнеше нысандары бар.

   Жеке меншік – бұл бір тұлғаның немесе отбасының мүліктің
немесе ресурстың иесі болып табылуы. Жинақтау сипаты бойынша
жеке меншік еңбектік және еңбектік емес болып бөлінеді. Еңбектік
жеке меншік жалақы есебінен және кәсіпкерлік қызметтен келіп
түсетін табыс арқылы анықталады. Еңбектік емес жеке меншік
мүлікті мұраға қалдыру есебінен, бағалы қағаздардан, депозиттерден
алынатын табыстар және басқа да табыс көздері арқылы анықталады.
Жеке меншіктің ерекше нысаны болып ұжымдық меншік табылады.
Ұжымдық меншіктің мысалына кооперативтік меншік және
акционерлік меншік жатады. 1) Кооперативтік меншік деп бірігіп
қызмет істеуі үшін сол кооператив иелерінің еңбегі мен өндіріс құрал-
жабдықтарын біріктіру жолымен қалыптасатын ұжымдық меншіктің
бір түрін айтады. 2) Акционерлік меншік – бұл акцияларды сату
нәтижесінде қалыптасатын меншік.

   Мемлекеттік меншік – бұл субъектісі мемлекет болып табылатын
меншіктің түрі. Меншіктің бұл түрін басқаруды және оған билік етуді
мемлекеттік билік органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің
басты ерекшелігі болып оның бөліске түспейтіндігі ретінде саналуы
табылады.

   Мемлекеттің меншіктің дамуы негізінен әміршіл-әкімшіл
экономикалық жүйеде орын алады. Әдетте, оның үлесі меншік

           62

⇐ МАЗМҰНЫ
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67