Page 63 - index
P. 63

түрлерінің жалпы құрылымында 90%-ға дейін жетеді. Мәселен,
бұрынғы КСРО-да мемлекеттік меншіктің үлесі 88%-дан асты.
Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік
меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқып отырады.

   Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы нақты өмірде
жағымсыз жайттарға алып келуі мүмкін: мемлекеттік монополиялардың
пайда болуы, мемлекеттік өндірушінің тұтынушыға деген үстемдігінің
орын алуы, арзан тауарлар түрлерінің жойылып кетуі, тауар
тапшылығының пайда болуы, сұраныстың қанағаттандырылмауы.
Осыдан барып мынадай тұжырым жасалады, яғни бұл жерде
мемлекеттік меншікті жою емес, оның монополиялық үстемдігін жою
туралы әңгіме қозғау керек.

3.3. Қазақстандағы мемлекет иелігінен алу және
              жекешелендіру бағыттары

   КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан Республикасының әміршіл-
әкімшіл жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі меншік
қатынастарын өзгертудің заңды қажеттілігін туындатты. Бұл үдеріс
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру арқылы жүзеге асырылды.
Қазақстанда мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіру үдерісінің басталуы – мемлекеттік меншіктің үлесін
азайтуға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталады.

   Мемлекет иелігінен алу – бұл мемлекеттік кәсіпорындарды
тікелей шаруашылық жүргізуші субъектілерге шаруашылық жүргізу
және оларға сәйкес өкілеттіліктерді беру арқылы түрлендіру.

   Жекешелендіру – бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттен
мемлекеттік меншік объектілерін, сонымен қатар мемлекеттік
кәсіпорындар мен ұйымдардың өзгертілуі арқылы құрылған
акционерлік қоғамдардың акциялар үлесін алуы.

   Жекешелендіру экономиканы қайта құрудың аса маңызды
элементі болып табылады. Өйткені жекешелендірудің бірқатар
артықшылықтары бар:

   1. Микроэкономикалық артықшылықтары:
   -	 капиталды инвестициялау;
   -	 өзіндік құнды төмендету және тиімділікті көтеру;
   -	 жаңа басшылық;
   -	 жаңа технологиялар.
   2. Макроэкономикалық артықшылықтары:

           63

⇐ МАЗМҰНЫ
   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67   68