Page 90 - index
P. 90

5-тақырып

     Нарықтық механизм. Сұраныс пен ұсыныс
                                 теориялары

   Мақсаты: нарық ұғымына анықтама бере отырып, оның түрлеріне,
қызметтеріне, принциптеріне тоқталу, оның негізгі элементтерін,
соның ішінде сұраныс пен ұсыныс теориясын, икемділіктің мәнін
жан-жақты талқылау.

   Талқылау сұрақтары:

   5.1.	 Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу
          өлшемдеріне байланысты түрлері;

   5.2.	 Нарықтың атқаратын қызметтері мен принциптері;
   5.3.	 Инфрақұрылым және нарықтық инфрақұрылым;
   5.4.	 Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары,

          қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік;
   5.5.	 Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі.

   Негізгі ұғымдар: нарық, «көрінбейтін қол», нарықтың түрлері,
нарық элементтері, нарықтың принциптері, сұраныс, сұраныс
детерминанттары, сұраныс заңы, ұсыныс, ұсыныс детерминанттары,
ұсыныс заңы, нарықтық тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, тепе-теңдік
көлем, артықшылық, тапшылық, икемділік, икемділік коэффициенті,
сұраныс икемділігі, ұсыныс икемділігі, сұраныстың баға бойынша
икемділігі, сұраныстың табыс бойынша икемділігі, сұраныстың
қиылысқан икемділігі, т.б.

5.1 Нарықтың мәні, негізгі элементтері және әртүрлі жіктелу
                  өлшемдеріне байланысты түрлері

   Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси
экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723-1790
жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады.
Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» – бұл сатушылар мен сатып
алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты
өзін-өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және
тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін
күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Сондықтан классикалық
бағытқа сәйкес, нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін механизм

           90

⇐ МАЗМҰНЫ
   85   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95