Page 91 - index
P. 91

деген тұжырым қалыптасқан. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама
беруге болады.

   Нарық (рынок) дегеніміз 1) тауарлар мен қызметтерді сату
және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар
жиынтығы;

   2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар-ақша қатынастары;
   3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп
отыратын сиқырлы құрал немесе тетік;
   4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке
түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім
табуы;
   5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм.
Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен
ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.
   Нарықтың пайда болу жағдайын ең алдымен мыналар анықтайды:
   1) Қоғамдық еңбек бөлінісі.
   2) Өндірушілердің дербестілігі және экономикалық таңдаудың
еркіндігі.
   3) Өндірушілердің жеке меншік шеңберіндегі экономикалық
оқшаулануы.
   Нарық құрылымының әртүрлі жіктелу өлшемдеріне байланысты
түрлері орын алады:
   1) Нарықтық қатынас объектілерінің экономикалық мүдделері
бойынша:
   -	 тауарлар мен қызметтер (игіліктер) нарығы;
   -	 өндіріс факторларының нарығы, соның ішінде, еңбек нарығы,

       капитал нарығы және жер нарығы;
   -	 қаржы нарығы;
   -	 ақпарат нарығы.
   2) Географиялық орналасуы бойынша:
   -	 жергілікті нарық;
   -	 аймақтық нарық;
   -	 ұлттық нарық;
   -	 дүниежүзілік нарық.
   3) Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша:
   -	 жетілген бәсеке нарығы;
   -	 монополиялық нарық;
   -	 олигополиялық нарық;
   -	 монополистік бәсеке нарығы.

           91

⇐ МАЗМҰНЫ
   86   87   88   89   90   91   92   93   94   95   96