Page 95 - index
P. 95

2. Сұраныс бағасы – тұтынушылардың берілген игіліктің көлемін
сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды
бағасы. Тұтынушылар бұл жерде игілікті сатып алуда өздерінің
мүмкіндіктерін толық көрсете алуы керек, яғни нарықта қолындағы
қаражатын толық жұмсай алуы тиіс.

   3. Сұраныс көлемі – тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген
уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін игіліктерінің максималды
саны. Нарық жағдайында тұтынушылар игіліктердің берілген жиынын
тұтынады деген болжам жасалады.

   4. Сұраныс функциясы – сұранысқа әсер ететін әртүрлі
факторлардың өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын
бейнелейтін тәуелділік. Әрине сұранысқа әсер ететін маңызды фактор
баға болып табылады. Сонымен қатар, сұранысқа әсер ететін бағалық
емес факторлар да бар: а) тұтынушылардың табысы; ә) алмастырушы
және толықтырушы тауарлардың бағасы; б) тұтынушылардың
талғамы; в) алдағы уақытты немесе болашақты күту; г) нарықтағы
тұтынушылардың саны, т.б. Сұранысқа және сұраныс көлеміне
әсер ететін барлық факторларды сұраныс детерминанттары деп
те атайды. Сұраныс барлық осы факторлардың функциясы болып
табылады:

                              QD = f (Р, I, Z, W, Psub, Pcom, N, В),

мұндағы, QD– сұраныс; Р – баға; I – табыс; Z – талғамдар мен қалаулар;
W – күтулер (waiting); Psub – алмастырушы (субститут) тауарлардың
бағасы; Pcom – толықтырушы (комплементарлы) тауарлардың бағасы;
N – сатып алушылардың саны; В – басқа да факторлар.

   5. Сұраныс қисығы – сұраныс заңының графикалық көрінісі. Ол
тұтынушылардың әртүрлі бағаларда сатып ала алатын игіліктерінің
көлемін көрсетеді. Сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады.

           5.1-сурет. Сұраныс қисығы
                         95

⇐ МАЗМҰНЫ
   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99   100