Page 94 - index
P. 94

материалдық-техникалық жабдықтау, тауарлар қозғалысының жүйесі,
ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және өткізу, электр қуатының
объектілері, т.б. кіреді. Инфрақұрылымның бұл түрі қоғамдық
өндірістің тиімді жұмыс істеуі мен оны орналастыру үшін жалпы
жағдайлар жасайды.

   2. Әлеуметтік инфрақұрылым – бұл халықтың дұрыс өмір
сүруі үшін материалдық, мәдени-тұрмыстық, рухани жағдайларды
қамтамасыз ететін салалардың және салаішілік салалардың жиын­
тығы. Бұл әртүрлі қызмет көрсетулер мен рухани игіліктерді
өндіру аясы. Әлеуметтік инфрақұрылымның құрамына мыналар
жатқызылады: халыққа білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру
және спорт, мәдениет пен өнер, бөлшек сауда, қоғамдық тамақтан­дыру,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету,
жолаушылар көлігі, халыққа қызмет көрсету орталықтары, т.б.

   3. Нарықтық инфрақұрылым – бұл ерекше нарықтар ретінде
әрекет ететін және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін институттардың өзара байланысқан жиынтығы. Нарықтық
инфрақұрылымның құрамына мыналар жатады: банктер, сақтандыру
компаниялары, тауар және қор биржалары, еңбек биржалары, сауда
үйлері, көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындары, жәрмеңкелер
мен көрмелер, аукциондар, делдалдық құрылымдар, сауда-өнеркәсіп
палаталары, кедендік мекемелер, ақпарат орталықтары, жарнамалық
агенттіктер, заң қызметтері, т.б.

5.4. Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары,
       заңдары, қисықтары. Нарықтық тепе-теңдік

   Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Сұраныс тұтыну­
шылардың белгілі бір уақытта берілген баға бойынша тауарлар
мен қызметтердің берілген көлемін сатып алуға деген дайындығын
көрсетеді.

   Сұраныстың мәнін толық түсіну үшін төмендегідей ұғымдарды
енгіземіз:

   1. Сұраныс заңы – игіліктің бағасы мен сол игілікті сатып
алу көлемі арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық
ұстаным. Игіліктің бағасы өскен сайын сатып алу көлемі азайып,
тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті төмендейді. Және
керісінше, игіліктің бағасы төмендеген сайын сатып алу көлемі
ұлғайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті артады.

           94

⇐ МАЗМҰНЫ
   89   90   91   92   93   94   95   96   97   98   99