Page 204 - indexf
P. 204

-	 жабдық пен әдістердің сипаттамасы ABB Vetco Gray фирмасының
          ұңғыма сағаларының стандартты суасты жүйелерімен сәйкес келеді;

     -	 қарапайым жүзбелі бұрғылау қондырғыларының көмегімен орнаты-
          луы мүмкін және қосымша жабдықты аз пайдаланып жүзбелі өндіру
          қондырғыларының көмегімен пайдаланылуы мүмкін;

     -	 ұңғымалар басқа өндіруші ұңғылардың күнделікті қалпын бұзбай және
          тәуелсіз бұрғылануы мен енгізілуі мүмкін;

     -	 жеке шығарғыш линиялар, фонтанды штуцерлердің және арматураның
          маңызды бөліктерінің орналасу жері қызмет үшін қол жетімді болуы
          үшін, суүсті пайдалану станциясында аяқталуы мүмкін;

     -	 су бетінде шығарғыш линияларға қолжетімділік жеке ұңғылардың
          қауіпсіз, сенімді және қарапайым басқаруын және бақылауын
          қамтамасыз етеді;

     -	 суасты жабдық теңіз түбі бастапқыға дейін қалпына келуі үшін субетіне
          суырылуы мүмкін;

     -	 кен орынды игерудің құнының азаюына әкелетін, алғашқы ашу мен
          өндіру арасындағы кідіру уақыты қысқарады;

     -	 ұңғыма-серіктер өндірудің көп ұңғымалы жүйесіне енгізілуі мүмкін;
     -	 жартылай тұрақты негізде монтаждау кезінде қабатты тиімді игереді.
     Сүңгушілер көмегімен орнатылатын, ABB Vetco Gray фирмасының фонтан-
ды арматурасының басты ерекшеліктер:
     -	 қарапайым пайдаланушы фонтанды арматура, сүңгуіршілерге

          қолжетімді, тереңдіктерде суасты ұңғыны тиімді аяқтау үшін пайдала-
          нылуы мүмкін;
     -	 тіке қимылды қарапайым гидравликалық басқару жүйесін қолдануға
          мүмкіндік береді;
     -	 әрбір жеке ұңғы үшін және берілген жүйенің талаптарына сәйкес
          қажетті тораптар таңдалуы мүмкін;
     -	 теңіз ұңғыларын аяқтаудың түптік жүйелері тайызсулы ұңғыларда да
          қолданылады;
     -	 орталандыруды қажет етпейтін, қарапайым байланыстырғыш муфта,
          сүңгуіршілермен шығарғыш линияны қосылуды жеңілдетеді.
     Сүңгуіршілердің көмегінсіз монтаждалатын, ABB Vetco Gray фирмасының
фонтанды арматурасының басты ерекшеліктері:
     -	 сүңгуіршілердің мүмкіншілігі жоқ және ыңғайсыз немесе алыстатылған
          қоршаған орта жағдайлардағы тереңдіктерде сенімділік және
          әмбебаптылық сапаларына ие;
     -	 фонтанды арматура сүңгуіршілердің көмегінсіз орнатылады, пайдала-
          нылады және қызмет етіледі;
     -	 келесі гидравликалық қайта реттеушілігімен электро-гидродинамикалық
          реттеу жүйесі сатылуы мүмкін;

         204

МАЗМ¦НЫ
   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209