Page 246 - indexf
P. 246

Гравитациялық тұрақты теңіз платформалары – тірек бөлігінен және жоғарғы
кұрылымнан тұратын, өте алып объектілер. Тірек бөлігі темірбетоннан жасалған
бір немесе бірнеше тізбектерден тұрады. Цилиндр немесе конус формалы
тізбектер, көп ұялы тұрақты базаға бекітіледі. База биіктігі тізбектерге қарағанда
едәуір кіші. Ол бір-бірімен берік бекітілген ұя – понтондар бөлікшелерінен
және төменгі бөлігі етекпен теңіз түбіне дамыған ортақ тірекпен орнатылған.
Көпетекті тірек тақтасының өлшемі: ұзындығы 180 м, ені 135 м.

     Гравитациялы тұрақты теңіз платформаларының артықшылығы – теңізде
оны орнатуға ұзақ уақыт кетпейді. Қадалы платформаларды құруға және бекітуге
кететін 7-12 ай орнына, шамамен 24 сағат жеткілікті. Гравитациялы тұрақты теңіз
платформаларының өзінің жүзгіштігі мен ауытқуға қарсы жүйесінің болуына
байланысты оны қымбат тұратын жүк көтергіш және тасымал құралдарынсыз,
ұзақ қашықтыққа тартып, жұмыс жағдайына орнатуға мүмкіндік жасайды. Тағы
бір артықшылығы, оларды жаңа кен орындарында қайтадан қолдануға бола-
ды. Бұл платформа отқа төзімді, дірілге тұрақты, теңіз коррозиясына шыдам-
ды келеді, салмақ әсеріне аз деформация береді және теңізді ластамау үшін көп
жағдай қарастырылған.

                 10.8-сурет. Кондип типті платформаның үлгі сұлбасы

 1 – жанармайлы ыдыс; 2 – ұяшық қабырғалары; 3 – жоғарғы қақпақ; 4 – шаруа
қондырғысының тірегі; 5 – жоғарғы құрылым; 6 – бұрғы тірек тізбегі; 7 – мұнай
сақтау қоймасы; 8 – төменгі қақпақ; 9 – балласт; 10 – құрыш етек; 11 – штифт

         246

МАЗМ¦НЫ
   241   242   243   244   245   246   247   248   249   250   251