Page 242 - indexf
P. 242

1978 жылы Мексика шығанағында 312 м терендікте «Коньяк» (Макдер-
мотт фирмасының жобасы) бойынша теңіз тұрақты платформаларының қатаң
тірек бөлігі орнатылған. Пирамида түріндегі моноблок үш бөлімнен, 8 тіректік
және 2 көтерілетін тіректен тұрады. Көтерілетін тіректер теңіз түбінен 122 м
биіктіктегі тіректік фермаларға, моноблоктық ферма теңіз түбіне ұзындығы 190
м-лік қадалармен бекітілген. Қадалар теңіз түбіне 137 м тереңдетіліп, іргетастың
сыртқы периметрі бойынша, 24 бағыттауыш құбырлар арқылы жіберілген.
Конструкцияның өзіндік тербеліс жиілігі 4 секундтан 5 секундқа дейін болады.
Блоктың массасы 33,5 мың т, қадалар мен бағыттауыш құбырлардың массасы 23
мың т, теңіз тұрақты платформаларының жалпы массасы 59 мың т.

     Теңіз тұрақты платформаларының пирамида тәрізді моноблогы және
әртүрлі жобалары мен дайындаулары бар. Мысалы: «Голф оф Мексико плат-
форм» жобасы бойынша 488 м тереңдікке, «Фиксед платформ» жобасы бойын-
ша 396 м тереңдікке, 450 м тереңдікке екі тірек блогынан тұратын жоба бойын-
ша, Солтүстік теңіз үшін «Твин Тауэр» жобасы жасалған және т.б.

     10.4.2 Мұнаралы тұрақты теңіз платформалары

     Климаты суық аудандарда, осы климатқа арналған негізінен мұнара тип-
тес теңіз тұрақты платформалары қолданылады. Төменде мысал ретінде Кука
шығанағында орнатылған «Долли Уорден» платформасының қысқаша сипат-
тамасы берілген. Платформа 32-48 ұңғымадан тұратын ұңғылар шоғырын 2
бұрғылау қондырғысымен бұрғылау үшін жасалған және келесі параметрлерге
есептелген.

Жылдамдық, м/с:

	 ең үлкен үзіліссіз жалғаспалы	       -	   27
                                            36
	 екпінді жел 				                     -	   3,05
                                            1,8
	 теңіз ағысы 				                     -	
                                            40
	 Мұз қабатының қалындығы, м 	 - 	          7
                                            10,7
Температура, °С:                            40

	 қоршаған ауада 			                   -	

	 су асты ортасында 			                -	

	 Қайту мен келудің ең үлкен толқуы, м - 	

	 Мұздықтардың ең үлкен массасы, т	 - 	

     Платформаның квадрат тұрқы теңіз түбінен 54,6 м биіктікте орналасқан.
Тұрқының салмағы 500 т. Тұрқының диаметрі 5,2 метрлік цилиндр тәрізді
4 тірекке тірелген. Тіректердің центрлерінің арасындағы қашықтық 24,4 м.
Тіректер 15-51 мм қалыңдықты суыққа төзімді материалдардан дайындала-
ды. Тірек материалының ең қалың бөлігі мұз бен ауаның тоғысатын жерінде
мезгіл сайын суланып тұратын ұзындықта орналасқан. Тірек тізбектерінің
іші d=2,75 м-лік ішкі құбырлармен бірқатар көлденең диафрагмалар және тік

                                  242

МАЗМ¦НЫ
   237   238   239   240   241   242   243   244   245   246   247