Page 245 - indexf
P. 245

етеді. Жұмыс құрылғыларының шоғырланған жерінде желдеткішпен
жабдықталған автоматты жылытқыштар бар.

     480 в айнымалы электр жүйесі қуаты 750-500 кВт жанармай генераторынан
және қуаты 850 кВт газотурбиналы генератордан қоректенеді. Тірек бөліктерінің
белдеушелерінде 570 м3 отын сақталады. Су жылытатын ыдыстар, бу генераторы
және барлық газ турбиналары ілеспелі газдармен жұмыс істейді. Платформада
жұмыс істейтін бұрғылау бригадалары мен өндіру операторлары және қосымша
көмекшілер саны 85 адам.

     10.4.3 Гравитациялы тұрақты теңіз платформалары

     Гравитациялы тұрақты теңіз платформалары қадалы тұрақты теңіз платфор-
маларынан теңізде орнату, тасымалдау, дайындау технологиясы, конструкциясы
және материалдары бойынша өзгешеленеді.

     Гравитациялы тұрақты теңіз платформаларының жел мен толқынның әсеріне
қарсы болатын орта тұрақтылығының өзі балласт массасымен қамтамасыз
етіледі. Сондықтан оларды теңіз түбіне қада арқылы бекітудің қажеті болмайды.
Гравитациялы тұрақты теңіз платформалары құрылыстың беріктігін сақтайтын
теңіз түбі жыныстарының, акваторияларында қолданылады.

10.8-сурет. GBS гравитациялық платформасы

         245

МАЗМ¦НЫ
   240   241   242   243   244   245   246   247   248   249   250