Page 244 - indexf
P. 244

Конструкцияның суасты бөлігі төмен жағынан 1=1,8 м көлденең және
диагональді түтік тәрізді элементтермен байланыстырылған.

     Платформа табаны теңіз түбіне ұзындығы 106,7 м, d=:840 мм 28 қадамен, 55
м тереңдетіліп бекітіледі. Қада әр тіректе 8 ұңғыма бұрғылауды бағыттау үшін
де қызмет етеді. Тірек бөлігінің салмағы 4400 т.

     Үш палубалық жүйе жоғарғы бұрғылау, төменгі және ортаңғы пайдалану
палубаларынан тұрады.

     Олардың бәрі теңіз тұрақты платформалары тұрқында орналастырылған.
     Бұрғылау палубасы 0,040-0,075 МПа үлестік салмаққа есептелінген. Палу-
бада екі бұрғылау қондырғысы, әрқайсысы 28,3 м³ цемент сақтайтын 6 ыды-
стар, құбырларды қоятын текшелер, бұрғылау сұйықтарына арналған жұмыс
және қосалқы ыдыстар, ал олардың үстіңгі жағында ұңғыда электрометриялық
жұмыс жүргізуге арналған құрал-жабдықтар жиынтығы орналастырылған.
     Палубаның сыртында консольда 72 адамға арналған тұрғынжай орналасқан.
Ал бұрғылау құбырларына арналған текшелердің астында қосымша тұрғынжай,
шатырында тікұшаққа арналған алаңша бар.
     Әр бұрғылау қондырғысы платформада ілмегі 4500 кН көтеретіндей
мұнарамен жабдықталып, 6000 м дейін бұрғылауға есептелген, лебедка электр
жетегінде жұмыс істейді. Жалпы сыйымдылығы 100 м³ және қосалқы 90 м³
ыдыстардан тұратын айналым жүйесі бар.
     Пайдалану палубасы 0,04-0,047 МПа үлестік салыстырмалы жүк салмаққа
есептелген. 61 метрлік палуба, отқа төзімді бөлгіштермен 7 бөлікке бөлінген.
Төрт бұрышты бөліктерде қабатқа су айдау, алынып жатқан мұнай манифольдтері
және сағалық жабдық жайғастырылған. Бесінші бөлікте газлифті жүйесінің ком-
прессоры, жанармай генераторлары және орталық бөлгіш қалқаны орналасқан.
Орталық жетінші бөлікте төрт бұрғылау сорабы, жуу сұйығын дайындайтын
жүйе, газотурбиналы жетекпен жұмыс істейтін қабатқа су айдайтын екі сорап
бар. Осы бөлікте цементтеуші агрегат газотурбиналы генератор және бұрғылау
сұйықтары ыдыстарына арналған алаң бар. Пайдалану палубасына әрқайсысы
40 л/с су айдайтын сораптармен жабдықталған, сыйымдылығы 9,5 м3 бұрғылау
сұйықтарын араластыратын 4 ыдыс жүйесі жайғасқан. Сораптар бұрғылау
сұйығын жоғары тығыздықта айдайды, бұрғылау сораптарының екпінмен сору
желісі сұйықтарды жұмысшы және қосалқы ыдыстарға жеткізуді қамтамасыз
етеді.
     Төменгі палубада, орталық сорап, екі қазан, бу генераторы, теңіз суын дис-
тилляциялайтын агрегат, ауа компрессорлары және мұнайды теңіз жағасына ай-
дайтын сорап бар.
     Эквивалентті қуаты 129 кВт жылыту жүйесіне кіретін екі қазан сугликольді
қоспамен қоректенеді. Ол платформадағы барлық жылытуда қолданылады, тек
тұрғынжайлар ғана электр тогы көзімен жылытылады. Қуаты 11 кВт ортадан
тепкіш екі сорап, сугликольді қоспамен жабық жүйедегі айналымды қамтамасыз

         244

МАЗМ¦НЫ
   239   240   241   242   243   244   245   246   247   248   249