Page 301 - indexf
P. 301

етеді. Нәтижесінде, құрамына, мысалы, әртүрлі функционалды аумақтарын
бөлетін, өртке қарсы қабырғалар, не болмаса дәстүрлілеу өртпен күресу үшін су
жүйелері және эвакуация үшін жабдықтар және т.б. кіретін, қауіпсіздіктің бірегей
жүйесі жасалуы қажет. Жабдықтың орналасуын ұқыпты жобалау-қауіпсіздіктің
қажетті деңгейіне жету үшін қосымша шара. Мысалы, солтүстік теңізде Траль
кен орны үшін бірлескен газды платформасын салу кезінде, тұрғын аумағының
газ құбырларын барынша қашықта орналастыруға ерекше акцент қойылған.

     Теңіз қайраңындағы кез келген мұнай төгілуді, құрлыққа қарағанда, жою
өте күрделі. Әсіресе бұл, мұнай өндіру кезінде технологиялық үдерістердің
сенімділігіне талаптарды күшейтетін, Арктиканың қатал ауа райы жағдайларына
қатысты.

     Құрлыққа қарағанда қайраңды кен орындарға жұмыс қаталырақ ауа райы-
мен күрделенген (күшті толқу, ауыр немесе қозғалмалы мұздар және т.б.).
бұл жағдайлар құрылымдарға қосымша жобалық жүктелу және экстремал-
ды жағдайлардың әсерінен платформаның тербелуін сезетін және аталған
көріністерді тікелей бақылайтын, персоналға қосымша болып табылады.
Әлемнің кейбір аудандарында борандар (Мексика шығанағы) немесе тайфундар
(Оңтүстік-Шығыс Азия) кезінде платформалар табылады және тіпті қызметтік
персоналдар алып кетіледі.

     Соңғы жылдары үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары және жеке тораптардың,
тіпті ұңғымаларды суасты игерудің жабдықтарының тұтас кешенін тәжірибе
өндірістік игеруі жүргізіледі. Теңіз кен орындарын мұзды жағдайларда суа-
сты игерілуі ерекше назарды қажет етеді. Бұл техникалық құралдарға мұздың
мүмкін әсерін жоюмен, навигациялық қауіпті азайтумен, өрт қауіпсіздігімен
және кен орынды игерудің тиімділігін қамтамасыз етуімен қажет етіледі.

     Теңіз мұнай және газ кен орындарын барлау және игеру – техникалық
жағынан күрделі, өте қымбат және үлкен тәуекелдікпен байланысты операция-
лар. Бұл кен орындарды игеру кезінде негізгі мәселелер – бұл жұмыстарды
жасаудың техникасы мен технологиясы мәселелері.

     Мұздану аумағында теңіз кен орындарын барлау және игеру жұмыстары екі
сатымен жүргізіледі. Бірінші сатыда геологиялық барлау жұмыстары мұзаралық
мерзімде жүргізіледі және бұл жағдайда қалыпты аумақтарда жұмыс істейтін,
техниканы қолдану мүмкін. Кен орындарын игерудің екінші сатысы, яғни
мұнай және газды өндіру, дайындау және тасымалдау үзіліссіз өндірістік цикл-
мен ерекшеленеді, ол кезде үдеріс жыл бойы, соның ішінде қыста, жүруі қажет.
Бұл саты үшін ерекше және сенімді техника, техника және технологиялық
параметрлері және құрылымдық шешімдері, әрбір жеке ауданда жұмыстардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жоғары сенімділік, ұзақтылық талаптарына
сай, ерекше және сенімді техника қолданылады.

         301

МАЗМ¦НЫ
   296   297   298   299   300   301   302   303   304   305   306