Page 302 - indexf
P. 302

12.2 Теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игеру үшін техникалық
                                    құралдардың жіктелуі

     Техника немесе техникалық құралдар (ТҚ) деп, әдетте, теңіз мұнай-газ
кен орындарын игеру үдерісінде қолданылатын, барлық инженерлік жүйелер
есептеледі. Теңіз мұнай-газ құрылымдарына (ТМГҚ) тек қана қайраңды иге-
руге қатысатын және салу технологияларын қолданып жасалған техникалық
жүйелер кіреді.

     ТҚ кешеніне теңіз мұнай және газ кен орындарын игеру үшін ТҚ кешеніне
ерекше және қымбат гидротехникалық құрылымдардың, геологиялық бар-
лау, бұрғылау және мұнай кәсіпшілік жабдығының, байланыс жүйелерінің
навигациялық, қоршаған ортаны қорғаудың және тағы басқа техниканың
типі мен түрлерінің үлкен саны кіреді (1,2), оларды келесі белгілері бойынша
біріктіруге болады:

     ►	 Жұмыс жасау ауданында қоршаған ортаның жағдайларын зерттеуге
          арналған техника. Бұл мақсаттарға қоршаған ортаны кешенді зерттеумен
          бағдарламалар және әдістемелер және техникамен қамтылған.	

     ►	 Өндірістегі геофизикалық жұмыстарға арналған техникалық құралдар,
          геофизикалық қайықтардан құралған, мәліметтерді автоматты түрде
          өңдеуге арналған құрал-жабдықтар, көп каналды сандық сейсмикалық
          станциялар, ЭЕМ-ға қайық үстіндегі өңделген материалдарды енгізу
          және т.б.;

     ►	 Геологиялық-инженерлік зерттеулерге арналған құралдар, колонкалық
          бұрғылаудың құралдары, моноопорлық меңгеру, арнайы кемелер
          жабдықты зерттеулер мәліметтерді ЭЕМ-де өңдейді және т.б.;

     ►	 Терең бұрғылауға арналған мұнай және газ ұңғымаларының техникалық
          құралдары (ӨК ЖБҚ, ЖБ ЖБҚ, БК және т.б.), суасты сағасының кешені
          және т.б.;

     ►	 Мұнай және газды бұрғылау, өндірудің техникалық пайдалануы, олар
          әртүрлі теңіз тұрақты платформаларынан тұрады, мұнай және газды
          өндіруге арналған жабдықтар, мұнай және газды өндіруге арналған
          техникалық құралдар, басқару және бақылау жүйесі;

     ►	 Құруға және салуға арналған техникалық құралдар, мұнай-газ теңіз
          жасақтарындағы әртүрлі салыну кешендері, құбыр салуға арналған
          құралдар, (су асты және құрлықта), кранды-монтажды кемелер,
          түсірмелі және көлік баржалары, жағадағы базалардың көтеру-
          монтажды құралдары, құбыртөсеуші баржалар және т.б.;

     ►	 Мұнай мен газды дайындайтын және тасымалдау үшін арналған
          техникалық құралдар, теңіздегі мұнай-газ жасақтарын қосқанда,
          мұнайды жинау және дайындау құрылғылары, газды және суды, мұнай
          және газды сақтайтын жағадағы базалары, мұнай-газ құбырлары, мұнай
          және газды тасымалдауға арналған басқару және бақылау жүйесі және
          т.б.;

         302

МАЗМ¦НЫ
   297   298   299   300   301   302   303   304   305   306   307