Page 306 - indexf
P. 306

Осылармен қатар, тасымалдау жүйелері келесілерді қоса қарастырады:
     -	 газоконденсатты экспорт құбырлары;
     -	 экспорт мұнай құбырлары;
     -	 мұнайды сақтау жүйесі.
     Теңіз қондырғының капактілі сипатына байланысты персонал үшін
жағдайлар жасау және қауіпсіздігіне үлкен стандарттармен қамтамасыз етуге
қосымша шығымдарды талап етеді (тұратын орын, қорғау шлюпкалар және т.б.).
     12.2-суретте негізгі типті теңіз платформасы кескіні көрсетілген. Ал
12.3-суретте Солтүстік теңізде қолданылатын кемеде орналасқан пайдалану
қондырғылары қимада көрсетілген.
     Екіеселенген және үшеселенген әдістерді енгізуге дейін мұнайды өндіру
қабаттың және оны қанықтыратын флюидтердің энергиясынан жүзеге
асырылған.
     Табиғи (немесе бірінші реттік) ұңғыға сұйықтармен газ ағындарының келу
режимдері келесілер арқылы жүзеге асады:
     -	 серпімділік күштер әсері (серпімді немесе серпімді – суарынды филь-

          трация режимі);
     -	 мұнайда газдың еруімен бөлінуінен (еріген газ режимі);
     -	 қабаттың газға қаныққан бөлігінде газдың кеңеюі (газ төбесінің режимі);
     -	 ауырлық күш әсері (гравитациялық режим).
     Серпімді режим кен орынды бастапқы стадияларында пайдалану кезінде
болады. Серпімді режимде қабаттың ұңғыға мұнай мен газдың фильтрация-
ланып қозғалуы мұнай мен газдың сығылуынан болады. Жыныстың серпімді
деформациясы мен қабат қысымының төмендеу кезінде сұйықтардың
көлемінің ұлғаюына әкеледі. Қабаттың таза серпімді режимі кезінде қабаттың
мұнайбергіштігі 1-2% аспайды.
     Мұнай қабаттың айналасында суға қаныққан зонаның созылуының көп
болуы серпімді режимнің серпімді-суарынды режимге ауысып, осы кезде
нұсқа сыртындағы судың серпімді қасиеттері пайдаланады (яғни, мұнайлылық
нұсқасының сыртында орналасқан су). Осы режим қатаң-суарынды режимге
ауысуы мүмкін, яғни бұл кезде ұңғылардан алынатын өнімнің көлемі (мұнай,
газ, су) қабаттың аймағындағы нұсқа сыртындағы сумен компенсацияланады.
Осы кезде кеніште қабат қысымы бір деңгейде ұсталынып, мұнай өндірудің
тиімділігін қамтамасыз етеді. Серпімді және қатаң-суарынды фильтрация
режиміндегі алғашқысында қабатта болатын 35-тен 75% дейін мұнайды алуға
мүмкіншілік береді.
     Қабат қысымы қанығу қысымынан төмендей бастағанда мұнайдан, газ
бөліну үдерісі басталады. Қысым одан әрі төмендегенде газ көпіршіктері
кеңейіп, мұнайды кезекті кеңістіктен ығыстыра бастайды. Бұл үдерісті еріген газ
режимі деп атайды, өйткені мұнайды ұңғыларға көбінесе ығыстыратын еріген
газ. Еріген газ режимі вертикаль бағытта өткізгіштігі төмен болатын қабаттарда

         306

МАЗМ¦НЫ
   301   302   303   304   305   306   307   308   309   310   311