Page 399 - indexf
P. 399

Якорлық баржа орнату кезінде сыртқы ортаға әсері: якор мен свай орна-
ту кезінде барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін свай тоқтатылған жағдайда
бірнеше нүктеде теңіз түбінің бұзылуы мүмкін.

     Теңіз бұрғы қондырғысы платформасының келесі варианттары тасы-
малдау бұрғы қондырғысы тобына жатады. Осы конструкциялар құрылым
компоненттеріне оңай талқыланады және бұрғы қондырғысын монтаж орны-
на жеткізу үшін тікұшақ қолданылады. Тасымалдау бұрғы қондырғысының
бір жетістігі – Каспий теңізінің Қазақстан секторына оңай жеткізу. Ал жал-
пы кемшілігі үлкен арақашықтыққа тасымалдау құны үлкен және тасымалдау
кезінде құралдардың бұзылуы мүмкін.

     4.	 Жасанды аралда тасымалдау бұрғы қондырғысы қысқы мезгілде мұздың
әсеріне тұрақты және резервуарлар мен барлық керекті бөлмелердің орнала-
суына жағдай жасайды. Жасанды аралдың кемшілігі, құрылыс тереңдіктегі
жұмыстардың үлкен көлемін қажет етеді, ал 4-5 метр тереңдіктегі құрылыс
қымбатқа түседі.

     Экологиялық аспекте жасанды арал мұнай өнімдерін және басқа да
қалдықтарды шектеу үшін өте қолайлы, сонымен қатар техникалық қызмет
көрсетуі бойынша талабы аз. Кемшілігі – үлкен жерде теңіз түбінің бұзылуы.

     5.	 Бетон платформасының құрылысы қоршаған табиғи ортаға монтаж орна-
ту кезінде теңіз түбінің бұзылуымен платформаны орнатқан жерде гидродина-
миканы өлшеу түрінде әсер етеді.

     6.	 Болат платформасы теңіз түбіне бірыңғай әсер етеді – ол свай немесе
якорьді орнату кезінде шамалы ауытқу және обсадтық колоннаны орнату және
бұрғылау кезінде цемент, шлам, сұйықтығының ағуы.

     15.2.1 Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде жұмыс
           істеуге арналған баржалар модификациясы

     Жоғарыда көрсетілгендей қазіргі кезге дейін баржалар Каспий теңізінің
солтүстік бөлігіндегі жағдайлардан бөлек жұмыс жасайды. Мұндағы қоршаған
орта жағдайымен ұңғымаларды бұрғылау талаптарын қанағаттандыру үшін
баржаларды қайта жасап, айтарлықтай жаңарту керек. Төменде бастапқы
қондырғыға енгізілген жаңартулар көрсетілген.

     -	 №71 қондырғысындағы қапталдық цистерналар алынды және тұрқыға
          жаңа спонсонмен жиналатын цистерналар көлемін ұлғайтатын раскос-
          тар жалғанды. Осы өзгертулер баржа өлшемін 64×14 метрден, 85×53
          метрге жеткізді;

     -	 Баржада мұзды тайдырғыштар 4 метр биіктікке дейін орнатылды;
     -	 Бұрғылау қондырғысының үстіндегі құдық алынатын дарбазамен

          жабдықталды. Сол арқылы ұңғы сағасын қорғау мақсатында бұрғылаудан
          шыққан зиянды заттардың қоршаған ортаға таралуын шектейді;

         399

МАЗМ¦НЫ
   394   395   396   397   398   399   400   401   402   403   404