Page 402 - indexf
P. 402

-	 Шекті нүктелерде, оларға уақыттша жатақ және газ қалдықтарын
     анықтау жүйелері, эвакуациялық кеме, бұрғылау қондырғылары ОКИ-
     ОК талаптарына сәйкес жаңартылған.

                                    15.3 Теңіз эстакадасы

     Теңіз түбінде мұнай кен орындарын ашу ашық мұхитта бұрғылау
мұнараларын, сонымен қатар әртүрлі бағыттағы теңіз трубоқұбырларын салу
қажеттілігін тудырды. Бастапқыда бұрғылау үшін, ал содан кейін пайдалану
үшін арналған барлық гидротехникалық құрылғылар аралдық және эстакадты
түрлерге бөлінеді. Теңіздің суы аз бөліктерінде эскада рөлін топырақты дамба-
лар орындайды.

     Теңіз кен орындарын меңгеру, әдетте, барланған акваторияларда жүргізіледі.
     Каспий теңізінде кен орындарды меңгеру үдерісінде теңіз стационарлы
негіздерде орналасқан жеке объектілер арасында сенімді байланыс болуын қажет
етті. Жүк тиелген кемелерді теңіз толқуының 4 балы және желдің 5 балл болуы
қиындата түсті. Сондықтан меңгеру орындарында кәсіпшілік объектілерінің
арасында байланыс болуы үшін эстакадаларды құру қажет болады.
     Осы тәсілдің маңызы – кен орынды меңгеру жобасының негізінде
тармақталған магистралды эстакадалар желісін құру. Эстакадаларды құрумен
қатар ұңғыларды бұрғылау және пайдалану үшін эстакаданың жанына алаңдар,
мұнай жинау пункттері, суларды жинау сорапты, тазалау құрылымдары, тауар-
лы резервуарлар паркі, тұрғын үйлер салынады.
     Эстакадалар деп бұрғылау платформалардың автокөлік арқылы су үстінде
үздіксіз байланысын қамтамасыз ететін созылыңқы құрылымды айтады.
     Теңіз эстакада теңіз толқынына қарамай объектілер арасында құрлықты
байланыс үшін қажет және онда:
     1.	 Теміржол, автокөлік транспортының қозғалысы;
     2.	 Тағайындалуы әртүрлі (су, мұнай, газ, бу, топырақ ерітінділері үшін)

          қажетті құбырлар санын құру (орнату) орындалады.
     Жалпы айтқанда, теңіз эстакадасы – құбыршалы тіректерге тірелген, кеңістік
фермалардан құрастырылған сызықты құрылым.
     Терең емес акваторияларда жоғары жағынан ригельмен байланысатын екі
көлбеу свайлардан тұратын жазық тіректер қолданылады.
     Эстакаданың алаңдары олардың орындалуына қарамастан свайлы құбырлы
тіректерге тірелетін көп қатарлы фермалар жүйесі болып келеді. Свайлы тіректер
көлденең және тік қаттылығын қамтамасыз ететін ригельдермен байланысқан.
     Бір пролетті құрудың үдерістер циклі: рамалы түрдегі свайлы тіректерді
құрастыру, грунтқа свайларды кіргізіп, олардың жоғарғы жағын ригендер-
мен байлау, пролетті құрылымдарды монтаждау, уақытша рельсті жолды құру
сияқты негізгі жұмыстар түрінен тұрады.

         402

МАЗМ¦НЫ
   397   398   399   400   401   402   403   404   405   406   407