Page 403 - indexf
P. 403

15.1-сурет. Металды эстакада
1 – свая, 2 – ригель, 3 – көлденең су үсті байланыс, 4 – ферма,

       5 – Гипроморнефттің эстакадалы құрлыс краны.

       15.4 Каспий теңізі акваториясында мұнай және газ кәсіпшілігін
                                     эстакадамен меңгеру

     Каспий теңізі акваториясында теңіздік мұнай және газ кәсіпшілігін меңгеру
кезінде кен орынды меңгерудің эстакадалық схемалары кең қолданысқа ие бол-
ды.

     Мұндай схемада барлық технологиялық жабдықтар эстакадалды аудандары
мен эстакадалармен байланысқан жеке платформаларда орналасады.

     Эстакадалар технологиялық аудандар мен басқа да мұнай кәсіпшілігі
жабдықтары арасындағы үздіксіз, теңіздің толқындану дәрежесіне тәуелсіз
байланысты қамтамасыз етеді. Эстакада бойынша автокөліктің, тар темір жол
көлігінің қозғалысы, тракторлар мен автокөліктерде жөнделген материал мен
ауыр бұрғылау жабдығының тасымалы, әртүрлі арналымдағы құбырлардың
төселуі, күштік, жарықтандырғыш және телефон арналары мен сымдарының
төселуі, жаяу қозғалыс жүзеге асырылады.

     Қатпайтын теңіз жағдайларындағы эстакада конструкциясы теңіз тереңдігі
мен оның құрылыс тәсілімен анықталады. Теңіз кәсіпшілігі эстакадаларын
келесі қасиеттері бойынша жіктеуге болады:

     1)	 құрылыс тәсілі бойынша;
     2)	 конструкция материалы бойынша.
     Құрылыс тәсілі бойынша эстакадаларды:
     -	 пионерлі тәсілмен;
     -	 бойлық амалдармен деп бөледі.
     Эстакада материалы бойынша:
     -	 металдық;
     -	 темірбетонды деп бөлуге болады.
     27 м дейінгі тереңдіктерде эстакада құрылысының негізгі тәсілі пионерлі
тәсіл болып табылады, онда эстакадаларды тұрғызу эстакада құрылыс крандары
көмегімен жүзеге асырылады.

         403

МАЗМ¦НЫ
   398   399   400   401   402   403   404   405   406   407   408