Page 394 - indexf
P. 394

14.14-сурет. Үлкен диаметрлі жасанды арал конструкциясы:

    1 – сыртқы қорғаныс жиегі; 2 – топырақпен толтырылған қабы;
3 – дренажды жүйе; 4 – аралдың диаметрі; 5 – үйінді; 6 – ішкі қабырға.

     Аралдың негізгі құрылымды элементі (14.12-суретті қараңыз) – жүзгіш
пантон түрінде орындалған, жоғарғы құрылыс (1), қабықша (2), дренажды жүйе
(3), анкерлі свайлар (4) және құмды тығыздауыштар (5), кейбір жағдайларда
жоғары суөткізгіштікке ие қабаттап бөлінген материалдар (6) болып саналады.

     Мұндай құрылымды аралдарды 60 м тереңдікте құру, экономикалық тиімді
болады. Қабылданған есептегіш алғышарттарды тексеру үшін, 1976 жылы
15 м тереңдікте арал түптұлғасы құрастырылған. Ашық теңізде аралды тұрғызу
жұмыстары екі күнге созылды.

     Қабықшасы бекітілген сүзгіш пантон жүзіп, құрылыс орнына жеткізілді.
Қабықша сумен толтырылғаннан және водолаздар көмегімен орналасу
дұрыстығын тексергеннен кейін құм мен гравидің қалауы басталып, ішкі
гидростатикалық қысымды бақылауға арналған су айдау мен өлшеу жүйесі ор-
натылды.

     Кейін нәтижесінде, технологиялық тағайындалуы мен орнату жеріне байла-
нысты аралдар конструкциясының модификациясы ойлап табылды.

     14.13-суретте мұздық шарттарда қолдануға болатын, аралдардың
нұсқалары көрсетілген, ал 14.14-суретте үлкен диаметрлі арал конструкциясы
берілген.

     Жоғарыда айтылғандай, жуылғыш дамбылар, әлсіз жағалай қоқыстары бо-
латын құмды жағалауларда құрылады. Бұл жағалаулар 1:70-1:50 аралығында
доғаға ие болады. Әлсіз жағалай ағыс мұндай учаскелерде аз ғана дауылды
ағыстарға әкеп соғады.

         394

МАЗМ¦НЫ
   389   390   391   392   393   394   395   396   397   398   399