Page 45 - indexf
P. 45

2.2.3 Мұнай мен газ кеніштерінің қалыптасуы үшін
           қажетті ұстағыштардың жіктемесі

     Төменде мұнай мен газ шоғырларының қалыптасу үдерісімен байланысты
қақпан түрлерінің классификациясы келтірілген.

     Күмбез құрылымдар және антиклинальдар
     Күмбез құрылымдар мен антиклинальдар қабаттардың көтерілуі мен
төмендеу үдерісінен қалыптасады. Олардың арасындағы айырмашылық
жоғарыда жақсы көрсетілген. Күмбезді құрылым шеңберге жақын формаға
(2.7-сурет), ал антиклиналь созылымды әжімді елестетеді (2.8-сурет).

     Тұзды күмбездер және ұқсас құрылымдар
     Бұлар тұзды массалар мен жанартау заттарының (серпетин) интрузиясы-
нан пайда болатын жиі кездесетін геологиялық құрылымдар. Осы массалардың
көтерілу және олардың әртүрлі тұнба жыныстарынан өту үдерісі кезінде түрлі
қақпандар қалыптасады. Қақпандар кейін көмірсутектердің жиналу аудандары-
на қызмет етуі мүмкін (2.9-сурет).

     Бұзылыстармен байланысты құрылымдар
     Көмірсутекті шоғырлар бұзылыстар жазықтығы бойында қалыптасады,
мысалы, лықсыма, бұл ығысу-қаусырма үдерістері кезінде өткізетін қабаттар
өткізбейтін жыныстарда мөрленіп қалуы мүмкін (2.10-сурет).

     Келіспеушіліктермен байланысты құрылымдар
     Бұл құрылым түрі жасырақ өткізбейтін жыныстар ескірек ертеректе эрро-
зионды үдерістерге ұшыраған қабаттарды жапқанда қалыптасады (2.11-сурет).

     Линзалы құрылымдар
     Көмірсутектер бірте-бірте кеуекті қабаттың өткізбейтін қабатқа ауысуынан
қалыптасқан қалта немесе қақпан деп аталатын кеуекті жыныстарда жиналуы
мүмкін (2.12-сурет).

2.7- сурет. Мұнай мен газ шоғырының      2.10-сурет. Бұзылуға бай-
жиынтық құрылымында қалыптасуы               ланысты құрылым

                                     45

МАЗМ¦НЫ
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50