Page 41 - indexf
P. 41

2.2 Көмірсутектердің жаратылысы және олардың жиналуының
                                            шарттары

     2.2.1 Аналық жыныстар және көмірсутектердің
           түзілуінің қалыптасуы

     Шөгінді жиналымдарындағы органикалық заттың көмір, мұнай немесе
табиғи газ түріндегі ірі концентрациялары отындық қазбалы қорлар деп атала-
ды.

     Бастапқы органикалық материалды құрайтын жынысты аналық жыныс
деп атайды. Әдетте аналық жыныстар аргилит және тақтатас түрінде кездеседі,
олар өте көп таралған жыныс түрі және тұнба жыныс құрамының 80% көлемін
құрайды.

     Ұзақ уақыт бойы көмірсутектердің пайда болуының өзара бәсекелес көптеген
болжамдары бар. Соңғы кезде көпшілік зерттеушілердің ұстанатын болжамы
мұнай және газ фитопланктоннан (жүзетін микроскопиялық өсімдіктер) және
аз дәрежеде су өсімдігі мен фораминиферден қалыптасты деген жорамал бар.
Әлем мұхитында фитопланктон және бактериялар тұнба қабатында жинала-
тын органикалық заттардың негізгі қайнар көзі болып табылады. Органикалық
материалдың үлкен бөлігі тақтатасқа айналатын саздардарға отырады. Осы
үдеріс кезінде органикалық қосылыстар (негізінен жылудың арқасында)
көміртектерден тұратын және газ, сұйық, жартылай қатты күйінде болатын
минералдарға айналады.

     Құрлықта ағаштар, бұталар және өсімдіктер тақтатастарда болатын
органикалық заттардың негізгі қамтамасыз етушілері болып табылады. Осы ірі
жер бетіндегі өсімдіктер құрамындағы шайыр мен лигнин шайырлы заттары-
на бай. Олар өзгерістерге шыдай отырып, негізінен қатты күйінде сақталады,
сондықтан олар көбінесе мұнай мен газға қарағанда, көмірдің қайнар көзі бо-
лып табылады.

     Сланецтердің теңіздік және аралдық жиналымдарға жататын үлкен
бөлігінде есілген қатпарлар температурасы бастапқы органикалық заттың мұнай
мен табиғи газдың негізін құрайтын молекулалы қосылыстарға айналуы үшін
қажетті деңгейге жетпейді. Негізінде жүретін үдерісті кероген деп аталатын
және мұнайлы сланецтардағы смола тәрізді қатты заттың ірі молекулаларының
түзілу үдерісі ретінде түсіндіруге болады. Кероген мұнай мен газға мұнайлы
сланец үлгісінің ретортаға айналуы және оның қызуы жолымен айналуы мүмкін.

     Теңіз және көл жиналымдарына жататын тақтатастардың көп бөлігінде
көмілген қабаттардың температурасы мұнай мен табиғи газдың негізі бо-
лып табылатын бастапқы органикалық заттардың молекулаларының моле-
кулярлы қосылыстарға айналуына жеткіліксіз. Іс жүзінде мұнай (мұнайлы)
тақтатастарында болатын керогеннің, яғни шайырға ұқсас қатты заттардың ірі
молекулаларының пайда болуымен түсіндіріледі. Мұнайлы тақтатастың үлгісін
ретортаға салып, оны жылыту арқасында, керогеннің мұнай мен газға айна-

         41

МАЗМ¦НЫ
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46