Page 43 - indexf
P. 43

Мұнай іс жүзінде барлық теңіз тұнба жыныстарында табылған. Континен-
талды қайраң мен оның негізі бойынан алынған көптеген сынақтардан кейін,
мұхит түбінде жатқан майда дисперсті сазда 8% органикалық заттар бар екенін
көрсетілді. Бұл геологтарға мұнайдың органикалық тегі және теңіз түбінде жа-
татын жиналымдарды органикалық заттардың айналуларынан кейінгі өнім деп
есептеуге негіз береді.

     Әлемдегі ірі көмірсутек кен орнындары ежелгі континенталды қайраң бо-
йында табылған. Дегенмен көлдегі тұнба қабаттары да соншалықты перспекти-
валы. Әлемнің түпкір-түпкірінде ашылған мұнай кен орындары көлдегі тұнба
қалыңдықтарына жатқызылады. 2.5-суретте тұнба қабаттары және олармен
бірге кездесетін көміртек қорлары схемалық түрде көрсетілген.

     2.2.2 Көміртектердің миграциясы және қорлары

     Көмірсутектер жиналымдары геологиялық жағдайлар жиналуға және
шашырамауға мүмкіндік беретін жерлерде ғана табылуы мүмкін.

     Судан жеңіл болғандықтан, көміртектер аналық жыныстан жоғарғы
қабаттарға көшеді, Жер бетінде сейіледі немесе өз жолында өткізбейтін жыныс-
тарды кездестіргенше қозғалады.

     Мұнай мен газ, бойынан суды ығыстыру есебінен, қақпандар деп аталатын
“мөрленген” жыныстарда шоғырланады. Қақпанның көмірсутек ұстайтын бір
бөлігі мұнай қабаты (газды, мұнай-газды) деп аталады.

2.5-сурет. Шөгінді қабаттар мен оларға ілесетін көмірсутектер жиналымдары

         43

МАЗМ¦НЫ
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48