Page 184 - indexf
P. 184

ә) пайдалану уақытында жер учаскесінің, жер учаскесімен бай-
ланысты құқықтардың нарықтық құнын айқындау
б) жақсартылған жерлердің тозу, құнсыздану шамасын есептеу

    85. Жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату нарығы шектеулі
болған жағдайда, жылжымайтын мүлікті бағалау үшін қандай
амал қолданылады?

       а) шығындық амал
       ә) кіріске негізделген амал
       б) салыстыру амалы

    86. Бағалау объектісін, оның бастапқы түрінде қалпына келтіру
экономикалық мақсатқа сай келген жағдайда қолданылатын әдіс?

       а) алмастыру әдісі
       ә) қалпына келтіру әдісі
       б) индекстеу әдісі

87. Жылжымайтын мүлік нарығының негізгі сегменттері;
   а) жер нарығы, тұрғын үй нарығы, тұрғын емес үйлер нарығы
   жатады
   ә) тұрғын үй нарығы
   б) тұрғын емес үйлер нарығы

88. Жылжымайтын мүлік нарығынақандай ерекшеліктер тән:
   а) жылжымайтын мүлік иелігіне жыл сайынғы салық төлемдері
   ә) сатып алу-сату келісімдерін мемлекеттік тіркеу қажеттілігі
   б) маусымдық өзгерістер мен ауытқулардың әсер етпеуі

89. Жылжымайтын мүлік нарығының негізгі функциялары:
   а) баға, сұраныс және ұсыныс туралы ақпаратты қалыптастыру
   ә) жылжымайтын мүлік объектілеріне еркін баға қалыптастыру
   және меншік құқығын қорғау
   б) делдалдар мен тұтынушылар, сұраныс және ұсыныс
   аралығында байланыстың қамтамасыз етілмеуі

    90. Инженерлік-технологиялық тәсіл бойынша жылжымай-
тын мүлік нарығы инфрақұрылымын қалыптастырудың негізгі
мақсаттары мен әдістері:

       а) жылжымайтын мүлікпен келісім жасау мақсатында, жылжы-
       майтын мүлік объектілерінің барлық түрін сипаттайтын, стан-
       дарттарды істеу және енгізу

           184

⇐ МАЗМҰНЫ
   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189