Page 182 - indexf
P. 182

74. Арнайы құн дегеніміз:
       а) нарықтық құннан асып түсетін және активтің кейбір
       ерекшеліктерін көрсететін, арнайы сатып алушы үшін
       құндылыққа ие сома
       ә) бұл субъективтік ұғым, нақты бір мүлікті нақты инвесторға,
       инвесторлар тобымен немесе белгілі бір инвестициялық мақсат-
       тары және өлшемдері бар кәсіпорындармен арақатынасын
       белгілейді
       б) активтерді ауыстыруға болатын немесе хабарландырылған,
       бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында операция жасаған кезде
       міндеттемені орындауға болатын сома

    75. Нарықтық құн бағалаушымен стандартқа сай жағдайларда
айқындалады. Төмендегі жағдайлардың қайсысы оған енеді?

       а) кепіл объектісінің, оның ішінде ипотека кезіндегі құнын
       айқындау кезінде
       ә) жобаның тиімділігін қамтамасыз ететін біртұтас шығындарды
       анықтау кезінде
       б) жарғылық капиталдағы ақшалай салымдардың құнын
       айқындау кезінде

    76. Бағалау әдістерін таңдау және қолдану кезінде бағалаушы
төменде көрсетілген талаптардың қайсысын сақтайды:

       а) бағалау нысанасы мен айқындалатын құн түрін сәйкестендіреді
       ә) жылжымайтын мүлікке бағалау жүргізу кезінде пайдаланыла-
       тын ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етпейді
       б) кез келген бағалау әдістерін негізсіз қолданады

    77. Бағалауды жүргізу тәртібі қандай?
       а) деректерді алдын ала талдау
       ә) бағалау деректерін іріктеу, жинау
       б) бағалауды айқындау

    78. Бағалау тапсырмасын айқындау кезеңіне енетін жағдайды
табыңыз:

       а) бағалау базасы мен құн түрін қалыптастыру
       ә) ұқсас мүлікке сұраныс пен ұсынысты талдау
       б) жылжымайтын мүлік объектісі туралы мәліметтерді өңдеу
       және талдау

           182

⇐ МАЗМҰНЫ
   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187