Page 183 - indexf
P. 183

79. Деректерді алдын ала талдау, іріктеу және жинау кезеңіне
енетін жағдайды табыңыз:

       а) бағаланатын жылжымайтын мүлікті неғұрлым тиімді пайда-
       лануды талдау
       ә) бағаланатын мүлікті сәйкестендіру, сол жерге барып тексеру
       б) бағалау нысанасын, пайдалану саласын нақтылау

    80. Сатып алынатын және сатылатын жылжымайтын мүлік
объектілерінің нарықтық құнын бағалау кезінде қолданылатын
амал:

       а) кірістік амал, яғни кірісті капиталдандыру, дисконттау
       негізіндегі амал
       ә) шығындық амал бағалау әдістерінің жиынтығы
       б) салыстырмалы талдау амалы

    81. Әлеуетті жалпы табыс шамасы бағаланатын жылжымай-
тын мүліктің қандай көрсеткіштері негізінде есептелінеді?

       а) жалға алу ставкасының шамасы мен алаңы туралы шынайы
       ақпарат негізінде
       ә) ақша ағындарының өзгеру және біркелкі емес түсу
       көрсеткіштері
       б) жылжымалы мүлікті пайдаланумен байланысты тәуекел
       дәрежесі көрсеткіші

    82. Бағалау объектісін тұрақты пайдалануды сақтау
жағдайларына сүйене отырып, құнды айқындау әдісін табыңыз:

       а) тікелей капиталға айналдыру әдісі
       ә) қалпына келтіру әдісі
       б) алмастыру әдісі

83. Тікелей капиталға айналдыру әдісі бойынша:
   а) таза табыс дисконт ставкасына бөлінеді
   ә) табыс капиталға айналдыру ставкасына бөлінеді
   б) таза табыскапиталға айналдыру ставкасына көбейтіледі

    84. Реверсиялау құнын айқындау келесі бағалау рәсімін қолдану
жолымен жүзеге асырылады:

       а) есепті кезеңнің соңғы жылы алынған таза табысты Гор-
       дон моделі бойынша анықталатын капиталға айналдыру
       коэффициентіне бөлу арқылы есептеледі

           183

⇐ МАЗМҰНЫ
   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188