Page 181 - indexf
P. 181

69. Алмастыру құны дегеніміз:
       а) бағалау объектісінің тозығын ескере отырып, бағалау
       жүргізілген күні қолданылған нарықтық бағалардағы, бағалаудың
       ұқсас объектісін жасауға жұмсалатын шығындар сомасы
       ә) бағалау объектісінің тозығын ескере отырып, кәсіпкердің та-
       бысын ескере отырып шығарылатын құн
       б) бағалау объектісінің тозығын ескере отырып,бағалау
       жүргізуден бұрын қолданылған нарықтық бағалардағы,
       бағалаудың ұқсас объектісін жасауға жұмсалатын шығындар со-
       масы және пайда

    70. Терминалдық, яғни реверсиялық құн:
       а) бағаланатын мүліктің иелік ететін есептік кезеңінің соңындағы
       немесе болашақтағы нарықтық құны
       ә) жылжымайтын мүліктің экономикалық жарамдылық мерзі-
       мінің соңындағы қалыптасұан құн
       б) жаппай бағалау амалымен айқындалған құн

    71. Аралық есептеулерде, сондай-ақ қаржылық есептілікте
қолданылатын құн:

       а) бағалау объектісін толық қалпына келтіру құны
       ә) реверсиялық құн
       б) кадастрлық құн

    72. Бағаланатын мүліктің түріне және оның нақты және бол-
жанатын жай-күйіне байланысты бағалау сәтінде құнның жеке-
леген кіші түрі қолданылады:

       а) тарату құны, кәдеге жарату құны, терминалдық яғни
       реверсиялық құн
       ә) тарату құны, кәдеге жарату құны,кадастрлық құн
       б) терминалдық құн, бағалау объектісін толық қалпына келтіру
       құны

    73. Бағалаушы белгілеген мүліктің ипотекалық құнынан үлес
ретінде, банк дербес айқындаған мүлік кепіліне берілетін кредит
сомасы

       а) кепіл құны
       ә) ипотекалық құн
       б) сақтандыру құны

           181

⇐ МАЗМҰНЫ
   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186