Page 124 - index
P. 124

Белгілердің ажырауын түсіндіріңдер. Егер гендер тіркескен бол-

са, гетерозигота жағдайында «тартылу» немесе «ажырау» кезеңінде

ме?
    Берілгені:
    АаВв х аавв
    Ғ1 ↓
    АВ – 903
    Ав – 101
    аВ – 98
    ав – 898
    ────
     2000

    Шешуі: Талдаушы шағылыстыру нәтижесінде гетерозиготада

4 фенотиптік класс түзіледі. Егер А және В гендері тәуелсіз тұқым

қуаласа, онда белгілердің ажырау 1:1:1:1 қатынасында болар еді.

Алынған ұрпақтарда аталық және аналық (АВ және ав) белгілер-

дің басым болуы, тіркесіп тұқым қуалауын көрсетеді.

    Ұрпақтағы рекомбинаттар (Ав және аВ) гетерозигота жағдайын-

да А және В гендерінің арасында кроссинговер нәтижесінде түзіл-

генін білдіреді. Кроссинговердің жиілігін анықтаймыз. Ол мына

формуламен анықталады.

кроссинговердің  =  Кроссинговерге ұшыраған даралар       х100
      жиілігі               Жалпы даралар саны

Кроссинговердің  жиілігі  =  (101 98)х100     =  9,9%  немесе   9,9  См.
                                  2000

    Жауабы: А және В гендері бір хромосомада орналасқан. Олардың
бір-бірінен қашықтығы – 9,9 См. __А _____9,9 ______В____

3-есеп. Гендердің тіркескені хромосомада мына тәртіппен орна-

ласқан: А – В –С; А және В гендердің арақашықтығы 8% крос-

синговерге тең, ал В және С гендердің арақашықтығы – 10%. Сай

келу коэффициенті – 0,6 тең. Генотипі АВС өсімдікте талдаушы

шағылыстыру АВС жүргізгенде ұрпағында фенотиптік белгілері

ажырауының күтілу қатынасы (%) қандай?

Берілген: Буданның генотипі     АВс  ,   А  –  В  геннің  арасы  8%,  В  –  С
                                авС
геннің арасы 10% кроссинговер.

А – В және В – С гендер арасындағы кроссинговер жиілігі

бойынша (%) қосқабат кроссинговердің теория жүзіндегі бөлігін

анықтаймыз.

                                124

⇐ МАЗМҰНЫ
   119   120   121   122   123   124   125   126   127   128   129