Page 120 - index
P. 120

3. Толық тіркесу мен толық емес тіркесудің цитологиялық негізі
неде?

    4. Қай тіркесудің эволюция үшін маңызы бар?

           19-сурет. Толық емес тіркесу

    Тіркесу және кроссинговерге арналған есептерді шығару
жолдары

    1-есеп. F1 ұрпақтағы дигетерозиталы организмдермен талдаушы
шағылыстыру жүргізгенде фенотип бойынша белгілердің ажырауы:

    а) АВ : аb : Ab: аВ=25% :24.5% : 25,5% : 25% ;
    ә) АВ : аb : Ab: Ав = 46,5% : 47,5% : 3,5% : 2,5%;
    б) АВ : аb= 50,5% : 49,5% болған.
    Гендер тәуелсіз тұқым қуалайтынын немесе гендер тіркесіп бе-
рілетінін анықтаңдар.
    Шешуі: Бұл үшгибридті будандастыру аналық үшгетерозигота
болғандықтан 8 гамета түзіліп тұр. Алынған нәтижелерге қарасақ,
гендер еркін тұқым қуаламай тіркесіп берілгенін көреміз. Сондық-
тан үш геннің арасындағы тіркесу күшін табамыз. Ол үшін жұп
аллельдерді аламыз. Мысалы, cv+ ct+ және оларға комплементарлы
аллельдер сv ct. Осындай белгілері бар дараларды іріктеп алып,
жалпы санын анықтаймыз. Олар кроссоверлі (73+2+80+2 = 157).
Осы аллельдердің қалған комбинациясының даралары cv + ct
және cv ct+ қосындысын (759+140+766+158=1823) береді. Енді
жалпы даралардың ішінен кроссоверлі даралардың қанша пайыз
екенін анықтаймыз. Ол үшін жалпы даралардың санын анықтап

           120

⇐ МАЗМҰНЫ
   115   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125