Page 121 - index
P. 121

(1823+157=1980), кроссинговерге ұшыраған даралардың санын жүз
пайызға көбейтіп, даралардың жалпы санына бөлеміз: 157 х 100:
1980=7,9 пайыз болады. Сонда гендердің арасы – 7,9 морганидке
тең. Хромосомада олардың орналасуы: cv+ ct немесе cv ct.+. түрде
болады.

    Дәл осындай жолмен келесі жұп геннің ct және v арақашық-
тығын анықтаймыз. Бұл жағдайда ct + v және ctv + = 73+766+759+80=
1678 ct + v + және ctv = 2+140+1580+2=202. Мұнда кроссинговерлі
даралар 10,2 пайыз құрайтын болса, ct cv гендердің арақашық-
тығы 10,2 морганид болып және ct + v аллельдер бір хромосомада
орналасады. Осы жолмен cv және v гендердің арақашықтығын
анықтаймыз. (cv + v + cv v + ) = 73+140+80+158=451. Бұл 27,7 пайы-
зын құрайды. Сонымен хромосомада гендердің орналасуы мынадай
тәртіппен жүреді:

cv +_________7,9_______ct________10,2_______v +

Хромосомадағы гендердің арақашықтығын анықтау. Хромосо-

малардың генетикалық картасын құрастыру. Екі геннің бір немесе

әртүрлі тіркесу тобына жататынын, бір тіркесу тобындағы екі ген-

нің арақашықтығын анықтау үшін дигибридті анализдеуші шағы-

лыстыруға тәжірибе жүргізеді. Алынған ұрпақты фенотипі бойын-

ша есептейді. Мысалы: дрозофила шыбынының зерттелетін гені

бойынша дигетерозиготалы аналықты, рецессивті аталығымен

шағылыстыру жүргізеді. Гендер шыбында гендердің еркін үйлесу

заңына сәйкес теңдей мынадай гаметалар /АВ, Ав,аВ,ав/, түзіледі.

Мұны үлгі ретінде көрсетейік.

Гаметалар P ♀Аа Вв х ♂ аавв

           АВ, Ав ав ав             ав

           F1 АаВв Аавв ааВв аавв
           F1 фенотиптер АаВв - 25%; Аавв - 25%; ааВв - 25%;

                                            Аавв – 25%.

Бұл тәжірибеден екі қорытынды жасауға болады.

1. Анализдеуші шығылыстыру, аналықтың гаметасы негізінде

ұрпақтың фенотипін анықтайды.

2. Анализдеуші шағылыстыруда барлық төрт фенотиптік ұрпақ-

тар бірдей сан қатынасында /25%-дан / түзіледі. Бұл А және В ген-

дері әр хромосомада орналасқанын дәлелдейді.

R және S гендері бойынша дигетерозиготалы аналық т дрозо-

фила шыбынын рецессивті аталығымен шағылыстыру жүргізгенде,

                               121

⇐ МАЗМҰНЫ
   116   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126