Page 122 - index
P. 122

фенотип бойынша ұрпақтары мынадай қатынаста ажыраған: RS –

45%, Rs – 5%, rS – 5% және rs – 45%.

Осы шағылыстырудың үлгісін жазайық.

           P ♀ Rr Ss х ♂ rrss

Гаметалар               RS Rs rS rs

                     F1 RrSs Rrss rrSs rrss
Фенотиптер Rr Ss – 45%, Rrss – 5%, rrSs – 5%, rrss – 45%.

Үлгіде көрсетілгендей фенотиптері әр түрлі даралардың саны-

ның пайыздық қатынасы 25:25:25:25 тең болмай, мынадай 45:5:5:45

қатынаста болады. Бұл R және S гендері бір хромосомада орналас-

қанын, тіркесіп тұқым қуалауын көрсетеді. F2-де ұрпақ белгілерінің
ажырауы пайызы 45+45 = 90% болуы аналық шыбынның жұп

хромосомаларында R,r,S,s гендердің тіркесуінің өте жоғары екенін

көрсетеді. Демек, аналық шыбынның жұп хромосомаларында R

– генімен, S – гені, r – гені, - s генімен үйлескенін көрсетсе, онда

аналықтың генотипі R S

                        r s болады.

Хромосомадағы R және S гендердің арақашықтығы ұрпақтағы

рекомбинат шыбындардың жалпы санымен анықталады. Тәжірибе

бойынша – 10%. Осыдан R және S гендерінің және / r мен s/

арақашықтығы 10 морганидке тең.

    Хромосомалардың генетикалық картасын жасау
    1-есеп. Мысалы, хромосомада гендердің тізбектеле, моншақ тә-
різді орналасу заңына сәйкес, дигибридті анализдеуші шағылыс-
тыру барысында бір тіркесу тобына кіретін үш геннің /А,В және С/
арақашықтығын анықтады делік. А және В гендердің арақашықтығы
5 морганидке, ал В және С геннің арасы 3 морганидке тең болса, А
және С гендерінің арақашықтығын анықтау керек. Т. Морганның
заңына және тура сызықты орналасқан үш нүктелердің теоремасына
сәйкес, АС нүктелерінің арақашықтығы АВ және ВС нүктелерінің
арақашықтығының қосындысына немесе айырмасына тең.
    АС = АВ + ВС немесе
    АВ+ВС = 5+3 А В С
    АВ - ВС=5-3 А С В осыны былай жазуға АС = АВ
+ ВС=5+3 болады. Сонымен А және С гендерінің арақашықтығы
5+3= 8-ге немесе 5-3=2 тең. Бұл тәжірибе жүзінде анықталады.
    Хромосомадағы гендердің орналасу локусына байланысты бел-

гілердің тіркесіп тұқым қуалауы анық болса, онда кросоверлі және

кросоверлі емес гаметалардың түзілуінің қатынасын есептеп шы-

ғаруға болады.

                        122

⇐ МАЗМҰНЫ
   117   118   119   120   121   122   123   124   125   126   127