Page 245 - index
P. 245

Терминдер сөздігі

    Аллель – белгіні анықтайтын жұп гендер. Гомологтық хромо-
сомалардың бірдей локусында орналасады.

    Аллельді гендер – хромосоманың бір жұбында орналасатын ген-
дер. Доминантты және рецессивті аллельдер болады.

    Анафаза – хромосомдар мен хроматидтердің екі полюске ажы-
райтын митоз бен мейоздың фазасы.

    Анеуплоидия – хромосом жиынтығында хромосом санының ар-
туы немесе кемуі. Мысалы, адамда (44 + Х = 45) – Шершевский –
Тернер синдромы, (44 + ХХҮ = 47) – Клайнфелтер синдромы.

    Аутосомдар – екі жыныста да мөлшері жағынан бірдей ұқсас
болып келетін хромосомалар.

    Белок – аминқышқылдардан тұратын полимер.
    Бөлшектену – эмбриондық даму кезеңдерінің бірі. Оның нәти-
жесінде көп жасушалы ұрық пайда болады.
    Гамета – жыныс жасушалар (сперматозоидтар немесе жұмырт-
қа жасушалар). Гаплоидты хромосома жиынтығына ие.
    Гаметогенез – жыныс жасушаларының түзілу процесі.
    Гаплоид – хромосома жиынтығының тақ саны, адамда – 23.
    Гаструла – ұрықтың дамуының екі қабатты кезеңі.
    Ген – ДНҚ молекуласындағы нәруыз молекуласы туралы ақпа-
рат таситын ДНҚ-ның тізбегі.
    Генетика – организмдердің тұқымқуалаушылық және өзгергіш-
тік қасиеттерін зерттейтін ғылым.
    Генетикалық карта – генетикалық рекомбинация негізінде жа-
салған хромосомалардағы жеке гендердің орналасу ретін көрсететін
сызба.
    Гендік аурулар – гендердің өзгеру нәтижесінде пайда болатын
тұқым қуалайтын аурулар.
    Генетикалық код – нәруыздардың жиырма аминқышқылдары-
ның әрқайсысын үш нуклеотидтің реттілігі арқылы кодандау.
    Генеалогия – шежіре. Адам генетикасын зерттеудің негізгі бір
әдісі.
    Геном – бір түрге жататын организдердің гаплоидтық хромосо-
ма жиынтығында орналасқан гендердің жиынтығы.
    Генотип – тұқым қуалайтын гендердің жиынтығы. Генотип –
организмның тұқымқуалаушылық негізі.
    Геногеография – гендердің тарихи таралуы.

           245

⇐ МАЗМҰНЫ
   240   241   242   243   244   245   246   247   248   249   250