Page 247 - index
P. 247

Жыныспен тіркескен гендер – жынысты хромосомаларда ор-
наласып өзара тіркесіп тұқым қуалайтын гендер.

    Зигота аталық және аналық гаметалардың қосылуынан пайда
болып,жаңа организның дамуына бастама береді. Зиготаның ядро-
сында хромосомалардың саны диплоидты болады.

    Кариотип – бір түрге жататын организдердің хромосома жиын-
тығы. Хромосома саны және пішіні тұрақты болады.

    Крисс – Кросс тұқым қуалау – белгілердің шешесінен ұлдары-
на, әкесінен қыздарына берілуі.

    Кроссинговер – мейоздық бөлінудің 1-профазасында гомолог-
тық хромосомалардың хроматидтерінің айқасуы.Осы құбылыстың
нәтижесінде гендердің жаңа үйлесуі түзіліп, жаңа белгілер пайда
болады.

    Конкордант – егіздер жұбының ұқсастығы.
    Комплементарлық – гендердің өзара әрекетесуі. Генотипте екі
доминантты геннің, жаңа белгіге ие болуы.
    Кумулятивті полимерия – бір белгінің көрінуіне әр геннің қо-
сатын үлесіне қарай көрінуі.
    Клайнфелтер синдромы – тұқым қуалайтын ауру. Хромосома
саны – 47, ХХУ.
    Летальды гендер – гомозиготалы күйінде организмді өлуге мәж-
бүр ететін гендер.
    Локус – хромосомадағы гендердің орны.
    Мейоз – жыныс жасушаларының бөлінуі.
    Мезодерма – ұрықтың дамуының гаструла кезеңінің соңында
пайда болатын ұрық жапырақшасы.
    Метафаза – мейоздық және митоздық бөлінудің фазасы.
    Митоз – өсімдік және жануарлар жасушаларының бөлінуінің
негізгі түрі. Хромосомалар екі еселеніп, жаңа пайда болған екі жа-
сушаға теңдей бөлінеді.
    Минисателит – ДНҚ-ның қайталанып отыратын бөлімі.
    Мутаген – мутация тудыратын фактор.
    Мутант – мутация нәтижесінде бастапқы түрінен өзгеріп туыл-
ған дара.
    Мутация – гендердің химиялық немесе хромосоманың құры-
лымдық өзгеруі.
    Мутагенез – мутацияның түзілу үдерісі.
    Монозигота – бір жұмыртқалы егіздер дамитын зигота.

           247

⇐ МАЗМҰНЫ
   242   243   244   245   246   247   248   249   250   251   252