Page 246 - index
P. 246

Генотипоскопиялық – ДНҚ нуклеотидтердің орналасуы арқылы
адамның табиғатын анықтайтын әдіс.

    Гетерозигота – әртүрлі аллельдері бар гаметалардың қосылуы-
нан пайда болған зигота.

    Гетерохроматин – хромосоманың жақсы боялатын аймақтары.
    Гетерозис – бірінші ұрпақ буданының ата-анасынан барлық қа-
сиеттері бойынша артық болуы.
    Гетероплоидия – деп хромосомалар санының гаплоидтық жиын-
тыққа еселенбей артуын немесе кемуін айтады. Мысалы, трисомия
2п +1; моносомия 2п – 1.
    Гомозигота – бірдей аллельдері бар гаметалардың қосылуынан
пайда болған зигота.
    Голандриялық – адамда Ү-хромосомада орналасқан гендердің
ұрпаққа берілу типі.
    Гоний – жұмыртқа жасушасының өсу кезіндегі сатысы.
    Гормондар – организмдегі маңызды тіршілік қасиеттерін реттей-
тін биологиялық белсенді заттар.
    Дальтонизм – түсті ажырата алмау ауруы.
    Даун синдромы – адам кариотипіндегі 21 хромосоманың үш есе
еселенуінен туатын ауру.
    Дигибридті будандастыру – будандастыруға алынған даралар,
екі жұп қарама-қарсы белгілерімен ажыратылады.
    Диплоид – жасушада гаплоидты хромосома жиынтығының екі
еселенуі. Адамда – 46.
    Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ)–дезоксирибоза, фосфор
қышқылының қалдығы және төрт азотты негіздерінен құралған
күрделі полимер.ДНҚ гендер сақталады.
    Дискордантты – егіздерде тұқым қуалайтын белгілердің бір-бі-
ріне ұқсас болмауы.
    Диктиотена – бірінші қатардағы ооциттердің «тыныштық күй-
ге» көшу фазасы.
    Доминантты деп бір аллельдің екінші рецессивті аллельдің
көрінуін басуын айтады.
    Евгеника – адамның тұқым қуалау белгілері мен қасиеттерін
жақсарту және ұрпақтары кемтар болатын некелерді болдырмау
туралы ғылым.
    Егіздер – бір мезгілде екіден көп туылған балалар.
    Жыныс хромосомасы – жынысты анықтайтын хромосома. Олар
Х және Ү.

           246

⇐ МАЗМҰНЫ
   241   242   243   244   245   246   247   248   249   250   251