Page 248 - index
P. 248

Нуклеин қышқылдары – қант, фосфор қышқылы қалдығы және
азот негіздерінен құралған жоғары молекулалық қосылыстар. Олар
тұқым қуалау ақпаратын сақтап, тасымалдауды қамтамасыз етеді.

    Нуклеотид – нуклеин қышқылының мономері. Қанттан, фос-
фаттан және азотты негіздерден тұрады.

    Ооцит – мейоздық бөліну үдерісінің нәтижесінде жұмыртқа
жасушасы түзілетін үдеріс.

    Популяция – бір түрге жататын, бір ареалда өмір сүретін, еркін
будандаса алатын, өсімтал ұрпақ беретін даралар жиынтығы.

    Полимерия – бір белгінің көрінуіне бірдей бірнеше гендер әсер
етеді.

    Пробанд – шежіре құрастыруды бастайтын отбасының мушесі.
    Профаза – митоздық және мейоздық бөлінудің бірінші фазасы.
    Редукциялық бөліну – мейоздық бөлінудің бірінші сатысы,
хромосома саны екі есе азаяды.
    Резус-фактор – маймылдың макака резус түрінің қанында анти-
гендерге қарсы антиденелердің түзілуі. Содан резусфактор деп
аталған.
    Репарация – жарақаттанған ДНҚ-ның арнайы ферменттердің кө-
мегімен қалпына келуі.
    Репликация – ДНҚ екі еселенуі.
    Рецессивті білгі – гетерозигота жағдайында көрінбейтін тұқым
қуалайтын белгі.
    Өзгергіштік – организмнің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие
болу қабілеті.
    Сперматозоид – пісіп жетілген аталық гамета.
    Сибс – шежіреде зерттелетін пробандының іні – қарындастары.
    Сиам егіздері – егіздердің бір-бірімен дене мүшелері арқылы
жалғасып бірігіп тұруы. Тайланда Сиам ауылында алғаш пайда бол-
ғандықтан, сиам егіздері деп атаған.
    Теломера – хромосоманың екі иығы ұшындағы бөлігі.
    Фенотип – тұқым қуалайтын гендердің сыртқы ортада көрінуі.
    Хромосома – гендер орналасқан, жасуша ядросында түзілетін
боялғыш дене.
    Центромера – хроматидтері бір-бірімен жалғасатын хромосо-
маның боялмайтын бөлігі.
    Эпистаз – гендердің өзара әрекеттесуінің типі. Бір геннің екінші
генді тұншықтыруы.
    Эухроматин – хромосоманың нашар боялатын бөлігі.

           248

⇐ МАЗМҰНЫ
   243   244   245   246   247   248   249   250   251   252   253