Page 82 - index
P. 82

лельдері бар, жасыл, жапырағы бүтін өсімдіктердің генотипі – аавв.
Ғ1 ұрпақта алынған өсімдіктер жеткілікті болғанмен, белгілердің
ажырауы болмағандықтан, түсі қызыл-қоңыр, жапырағы тілінген
өсімдіктердің генотипі екі ген бойынша гомозиготалы ААВВ екен-
дігін білдіреді.

    Жауабы: 1. Бірінші шағылыстыруда аталық және аналық өсім-
діктердің генотипі гетерозигота – АаВв

    2. Екінші шағылыстыруда аналық өсімдіктің генотипі Аавв, ата-
лықта – ааВв. Олар гетерозигота.

    3. Үшінші шағылыстыруда аталықтың және аналықтың ААВВ
х аавв екі ген бойынша гомозигота.

    Есептер
    1-есеп. Гүлі дұрыс орналасқан қызыл
    Қызыл гүлі дұрыс орналасқан арыстан аузы өсімдігін сары, гүлі
зигоморфты (дұрыс емес) орналасқан өсімдікпен шағылыстырғанда
Ғ1– ұрпақ будан өсімдіктердің барлығы қызғылт, зигоморфты гүлді
болды, ал Ғ2 – ұрпақта: белгілер қалай тұқым қуалайды? Ата-аналық
өсімдіктердің генотипін анықтаңдар. Ғ2 – ұрпақта қызыл, зигоморфты
өсімдіктердің қандай бөлігі осы белгілер бойынша гомозигота?
    Берілгені: Арыстан ауыз гүлінің түсі мен пішінінің тұқым қуа-
лауы.
    Р қызғылт гүлі дұрыс х сары, зигоморфты

                    ↓
    Ғ1 қызғылт, зигоморфты

    Ғ2 ↓

           ↓
                 39 қызыл, зигоморфты
                 94 қызғылт, зигоморфты
                 45 сары, зигоморфты
                 15 қызыл, гүлі дұрыс
                 28 қызғылт, гүлі дұрыс
                 13 сары, гүлі дұрыс
                 _________________
                234

           82

⇐ МАЗМҰНЫ
   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86   87